1 – д ә р І с дәрістің мақсаты


ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ МЕН ТҮСІНІКТЕРІ



бет3/21
Дата03.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#108820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1-дәріс

1.1. ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ МЕН ТҮСІНІКТЕРІ

Табиғатта, яғни Жер ғаламшарында 89 химиялық элемент бар екені анықталған. Ал одан кейінгі белгілі элементтер ядролық реакторларда синтездік жолмен алынған. Қазір адам баласына 119 элемент белгілі. Әрбір химиялық элемент белгілі бір атом түрі болып саналады. Осы химиялық элементтердің бір-бірімен әртүрлі байланысуы барысында миллиондаған заттар түзіледі. Әрбір химиялық элемент белгілі бір таңбамен белгіленеді. Ол таңбалар элементтердің латынша атауларының алғашқы немесе одан кейінгі бір әріптерінің жиынтығынан тұрады. Химиялық элементтердің таңбалары периодтық жүйеде келтірілген.

Химиялық заттар құрамына қарай жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Егер заттың құрамы бір ғана элементтің атомдарынан тұратын болса, онда ол жай зат (H2, O2, N2, Fe, Cu және т. б.), ал бірнеше элемент атомдарынан түзілсе күрделі зат (H2O, NaCl, H2SO4 және т. б.) болып саналады.

Заттардың құрамын, құрылысын, қасиетттерін зерттеп білу үшін белгілі бір химиялық заңдылықтарға сүйену қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет