1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Вебер: тап, мәртебе және билік



бет17/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың жазбалары жары қ көргеніне ондаған жылдар өткен соң, Макс Вебер (1864-1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйесін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамдық тапқа жіктеудің екі өлшемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың орынын анықтайын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды. Олардың біреуі- Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі- билік, ал үшіншісі-әлеуметтік беделді немсе әлеуметтік ерекшелікті білдіретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдастықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай ақ мүдделері, құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақырады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қаракетпен айналысады.
Вебер «жоғары тәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңміздікке әсері ттәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінще, мәртебе экономикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар адамдардың талаптарына тосөауыл болады. Мәселен, мафия мүшесі көп қаражатқа және өндіріс құралдарына ие болса да кең қоғамдастыққа абыройлы болмайды.
Буржуазия- жұмыс жасауға қажетті құралдар мен материалдарды яғни өндіріс құралдарын иеленген тап.
Пролетариат- өндіріс құралдарына ие емес тап. Олар өндіріс құралдарын иеленген адамдарға жалданып өмір сүреді.
Тап- Марсктік теория бойынша адамдарды өндіріс құралдарына деген меншіктік қатынас арқылы жіктеу.
Таптық сана- адамдардың өндіріс құралдарына өздерінің қатынастарын түсініп, нақты таптық ерекшеліктерін мойындауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет