10-дәріс. Қоғамның саяси жүйесі
1.Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы менэлементтері.Институционалдық,идеологиялық коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктерарқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.). саяси жүйелердіңтипологиясы
2.Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен
саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяситәуекелдіктің факторлары.
3.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
Мақсаты: қоғамның саяси жүйесінің мәнін ашу, саяси жүйені қалыптастырушы элементтерді анықтау.
Қоғамның саяси жүйесі – саяси институттардың, саяси рольдер мен қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, құқықтық, идеологиялық кодекстерге, мәдени нормаларға, тарихи дәстүрлерге және нақты қоғамның саяси тәртібінің ережелеріне бағынатын қоғамның саяси ұйымдарының принциптерінің жиынтығы.
Саяси жүйеге саяси билік ұйымы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді және олар саяси процестер ағымын, саяси іс-әрекеттерді сипаттайды. Саяси жүйе қоғамның барлық элементтерінің кірігуін (интеграциялануын), яғни саяси биліктің орталықтан басқарылуын қамтамасыз етеді. Оның негізгі элементі мемлекет болып табылады. Мемлекет саяси институттарды заңдар жүйесімен, саяси коммуникацияларды таптармен, әлеуметтік топтармен, ұлттық-этникалық құрылымдар арқылы өзара байланыстырады, адамдардың саяси іс-әрекетінің, саяси процестердің дамуының негізгі бағыттарын бақылайды.
Саяси жүйе ұғымы XX ғасырдың ортасында ғана терең негізделіп, кең тарала бастады. Саяси жүйені Дэвид Истон, Толкотт Парсонс, Габриель Алмонд, Карл Дойч сияқты ғалымдар зерттеген.
Парсонстың зерттеуінше әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың әсер етуі арқылы өзіндік жеке ерекшеліктері бар саяси жүйе моделін қалыптастырды. Истон саяси жүйені шешімдерді қабылдау және орындауға ықпал ететін әртүрлі және өзара байланысты іс-әрекеттер жиынтығы ретінде қарастырды. Ол саяси жүйені организмге теңеу теориясын жасады, яғни сыртқы ортамен байланыс арқылы әрдайым дамып және өзін-өзі реттеп отырады. Зерттеуші жүйенің қызмет ету процесін «кіріс» және «шығыс» принципі арқылы түсіндіреді.
«кіріс» «шығыс»
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Талап-тілектер
Достарыңызбен бөлісу: |