Адам жасының кезеңдері Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
Нәресте- алғашқы 10 күн;