1- дәріс. Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы. Өсімдіктің құрылысы және жасушаның тіршілік әрекеті



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#122699
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1Дәріс

Клетка қабықшасы
. Клетканың сыртын қаптап жататын негізгі бір бӛлім — клетка 
қабықшасы. Тӛменгі сатыдағы кейбір саңырауқұлақтардың (архимицеттер мен 
миксомицеттер), кейбір балдырлардың зооспораларында ғана қабықша болмайды. Қалған 
ӛсімдіктердің барлығының клеткасының қабықшасы болады. Клетка қабықшасының 
физикалық қасиетіне, химиялық құрамына, пайда болу жолы мен ӛсуіне, қалыңдауына, 
ӛзгеруіне тоқталамыз. 
Клетка қабықшасының физикалық қасиеттеріне 
оның серпімділік, жұмсақтық, 
қаттылық, морттық, майысқақтық, мықтылық және т. б. қасиеттері жатады. Клетканың 
таза клетчаткадан тұратын қабықшасын қаншалықты бүктесе де, ол біраздан соң бұрынғы 
қалпына қайтадан келеді, мұны серпімділік қасиеті дейді. Мысалы, мақта шитінің 
сыртындағы жіңішке талшықтары: зығыр, қарасора, қалақай тағы сол сияқты талшықты 
ӛсімдіктердің сабағының қабық бӛліміндегі тін талшықтары — осы клетчатка. Бұл 
талшықтардан жасалған маталарды қанша бүктесе де үтіктегенде бұрынғы қалыбына 
қайта келеді. 
Сонымен қатар, клетка қабықшаларының мықтылық қасиеті де бар. Бұлардың 
мықтылық қасиеті болаттан кем соқпайды. Мысалы, ұзындығы 350—400 
мм 
келетін ӛте 
жіңішке болат сым қанша жүк кӛтеретін болса, рами ӛсімдігінің клетчаткадан тұратын 
жіңішкелігі дәл сондай тін талшығы да сонша жүкті кӛтереді. Клетчатканың бұл сияқты 
қасиетінен ӛсімдік ӛсе келе айырылады; себебі ӛсімдік ескен сайын оның клетка 
қабықшалары ӛзгеріп, қалыңдайды, қатаяды. 
Клетка қабықшаларының суда ерімеуі де, оның ішінде бӛрткіш келетіндігі де 
физикалық қасиетіне жатады. 
Клетка қабықшаларының химиялық құрамындағы 
негізгі зат — клетчатка 
(целлюлоза), мұның формуласы — n(С
6
Н
10
О
5
). Мұның жоғары молекулалы, жіңішке 
талшықты, кристалданған структурасы бар зат екендігін электрондық микроскоптармен 
кӛруге болады. 
Клетка қабықшасының маңызы. Клетка қабықшасының биологиялық та, сонымен 
қатар шаруашылық та маңызы зор. 


Жоғары сатыдағы ӛсімдіктерді омыртқалы жануарлармен салыстырып қарағанда, 
соңғысының денесінде ӛзіне тipeк боларлықтай қаңқасы болады. Мұндай тipeк 
ӛсімдіктерде жоқ. Сондықтан ӛсімдік денесіндегі тipeк қызметін клетка қабықшасы 
атқарады. Екіншіден, клетка қабшасы клеткдағы түрлі нәзік бӛлімшелерді (протоплазма, 
ядро, пластидтер) сырттан тиген әсерлерден қорғап тұрады; сӛйтіп ӛсімдік органдарының 
қалыпты дамып жетілуіне мүмкіндік туғызады. 
Клетка қабықшасының химиялық құрамы, жоғарыда айтылғандай, таза клетчаткадан 
құралған, ӛте серпімді және мықты келеді. Сондықтан да осы қасиеттеріне бола клетка 
қабықшасын адам бұрынғы заманнан бері қажетінше жұмсап келеді мысалы: зығырдың, 
кендірдің, кенептің және т.б. сол сияқты басқа да торқалы ӛсімдіктердің талшықтары 
адамның алуан түрлі қажетіне жараған. Бұлардың ӛте тазасынан тоқыма фабрикаларында 
түрлі маталар жасалады. Сол сияқты торқалы қатайынқыраған клеткаларынан жіп, арқан 
еседі. 
Kӛп ӛсімдіктер клеткаларынын қабықшалары түрлерін ӛзгертеді (сүректеніп, 
тозданып, минералданып және т. б.). Бұларды да әр қилы жолдармен тазартып алып, іске 
асырады. Мысалы: қарағай, қайың және тағы басқа да әр түрлі сүректі ӛсімдіктерден 
вискоза (жасанды жібек), тондық жағалық және бӛріктік, костюмдік маталар және т. б. 
жасалады. 
Тургор - ӛсімдік мүшелерінін. жұмсақ, жас бӛліктерінің сырт пішінін сақтап, 
кеңістікте ӛз денесін тік ұстауын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет