1.3. Ботаниканың даму тарихы
Биология ғылымынын классиктері (Ж.Кювье, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин, К.Линней,
К.Ф.Рулье, А.Каверзнев, М.Ломоносовтың және т.б.) еңбектеріндегі палеонтологиялық
деректерге қарағанда адамзат ертеден-ақ ӛсімдіктер дүниесімен таныс болып, оларды ӛз
қажеттеріне жаратқан. Мысалы, ежелгі тас ғасырындағы (палеолиттегі — осыдан 800 мың
жылдан бастап 13 мың жылға дейінгі) адамдардың ӛздері де жабайы ӛсімдіктердің
тұқымын, жемісін, жемтамырын жеп күнелткен. Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын
болған Жаңа тас ғасырының (неолиттің) адамдары жабайы ӛсімдіктердің тұқымын егіп
ӛсіре бастаған. Бұған неолит заманындағы адамдардың мекен-жайларынан кейінгі
кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың, жаңғақ пен талшын жемістерінің,
алма, алмұрт және жүзім тұқымдары қалдығының табылуы дәлел.
Аристотель (384 — 322) мен Аристокл Платоннын (427 - 347) шәкірті (біздің
заманымыздан бұрынғы 371 - 286 жылдары ӛмір сүрген) Теофраст (Тиртам) ӛз отанының
және басқа жерлердін 500-ден астам түрлі ӛсімдіктерін жинап, оларды
Достарыңызбен бөлісу: |