болғанынан бері мыңдаған жылдар ӛтті, бірақ адамзат
бұрынғысынша олардың
шығармаларынан даналықтың кӛзіне кенеліп, шабыт алуда.
Зороастра Парсының, Шығыстың ірі ойшыларының қатарына жатады. Ежелгі
парсылардың ерте мифтік кӛзқарастарының жаңаруы Зороастраның есімімен байланысты,
оның ілімі ежелгі дүниеге мейлінше кең тарап (Таяу Шығыс,
Алдыңғы Азия, Үндістан,
Грекия), христиан доктринасының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. Зороастраның
кӛзге түскен уақыты б.д.д. IX – VII ғасырлар; б.д.д VII ғасырға таман зороастризм – саяси
ойдағы ағым және ілім болып қалыптасқан еді.
Ежелгі дүниедегі бірден-бір ықпалды саяси ілім – конфуцияндық болды. Бұл Ежелгі
Шығыстағы басты идеялық-саяси ағымдардың бірі еді. Оның негізін қалаушы біздің
заманымызға дейін 551-479 жылдары Қытайда ӛмір сүрген Конфуций (Кун – фамилиясы,
Цзы – ұстаз дегенді білдіреді).
Достарыңызбен бөлісу: