#26 Әйел адам В.В., 32 жаста, педиатрға келіп қаралды. Шағымдары: 37,5 - 380 С дейін температура, ылғалды жөтел, қан түкіру. Жағдайы ауыр, жүдеу, ентігу. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Физикалды өзгерістер; әлсіз тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенде: өкпеде екі жақтан түрлі көлемді ошақтар, қосылып инфильтратқа айналады, өкпенің ұштарында «мөр» тәрізді жіңішке қабатты қуыстар. Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?
Өкпенің метастатикалық қатерлі ісігі
Жеделдеу диссеминирлі туберкулез +++
Фиброзды-кавернозды туберкулез
Жедел диссеминирлі туберкулез
Өкпенің кандидомикозы
#27 Ер адам П.О., 28 жаста – ауырғанына 1 ай болды. Қосымша тексерулерден кейін ауруханаға жатқызылды, Орталық жүйке жүйесінің туберкулезы бойынша емді қабылдап жатыр. Шағымдары қатты бас ауруы, фонтан тәрізді құсық. Қарап тексергенде: бала арық, шашыранды қылилық, анизокория, диплопия, птоз. Ступорда, сұрақтарға дұрыс жауабын бермейді. Көз қарашығының жарыққа реакциясы бар. Менингеалды симптомдар оң: жүйке бұлшық ет ригидтілігі, Керниг симптомы. Ликворограммада: цитоз 400, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,5%0, қант 1,4 м/моль; хлоридтер 100 м/моль. Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?
Менингоэнцефалит
Серозды менингит
Цереброспиналды менингит
Менингиттің базилярлы формасы +++
Диссеминирлі ТБ, менингеалды форма
#28 Қабылдау бөлімшесіне есі жоқ, мезгіл-мезгіл тырысуы, құсуы, сол жақты гимипарезі бар бала әкелінді. Анасының айтуы бойынша бала 1 айдан астам тұмаумен ауырып емделген. Осыдан 1 жыл бұрын әкесінде өкпе туберкулезі анықталып емделді, бірақ ауруханадан кейін фтизиатрда қаралмаған. Сол кезде баласын тексергенде Манту сынамасы – папула 10 мм болған, бірақ ата-анасы фтизиатр қаралуына барудан бас тартқан. Сіздің ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?