Критериалды бағалау қағидаттары
|
Сипаттама
|
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы
|
Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады және ол оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын басшылыққа алады.
|
Шынайылық, анықтық және валидтілік
|
Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сеннімділік бар.
Шынайылық, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды.
Шынайылыққа «өте жақсы», «жақсы» «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз» бағалануы мүмкін жұмыстың деңгейін көрсетеді.
|
Ашықтық және нақтылық
|
Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
|
Үздіксіздік
|
Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерлеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
|
Дамытуға бағытталуы
|
Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептердің білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
|