1.11 Капитал мен резервтер есебі
Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:
- кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары (жарғылық капитал)
- құрылтайшыларға төленген табыс пен дивидендтерді шегергеннен кейін қалған өткен жылдар мен есепті кезеңнің таза табысы. Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағынад қалатын табыс таза табыс болып табылады;
- құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз салымдары.
Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:
- жарғылық капитал;
- төленбеген капитал;
- жарияланған капитал;
- эмиссиялық кіріс;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында тіркеледі.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады. Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі, оның функцияларының үш негізгі категорияға бөлінуіне байланысты ерекше маңызға ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын қызметін іске асырудың материалдық базасы болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені, шаруашылық серіктестік кредиторларының алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді.
Шаруашылық серіктестіктің мүлкіне салым ретінде ақша қаражатын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды, ақшалай бағасы бар мүліктік немесе өзге де құқықтарды салады.
Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі тек бір ғана тұлға болып табылса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі:
Дт жарғылық капиталға жарналар бойынша құрылтайшының қарызы
Кт жарғылық капитал
Егер құрылтайшы жарғылық капиталға өз жарнасын салса,
Дт Ақша немесе мүлік
Кт Құрылтайшы қарызы
Серіктестегі меншікті капиталының есебі жоғарғы жағдайға ұқсас. Негізгі ерекшелігі: әрбір серіктес тұлғаның салған қаржысы мен алған қаражаттарының есебін бөлек жүргізіп отыру керек және пайда мен залалды олардың арасында тең бөлу қажет.
Мысал: Тахир мен Зухра жарғылық капиталы 100 000 доллар құрайтын серіктестікті құруға шешім қабылдады. Құрылтайшылық келісімшарт бойынша Тахир - 60 %
Зухра - 40 % салуы керек.
Жарғыны бекіту кезіндегі бухгалтерлік жазу
Дт Тахир қарызы 60 000
Дт Зухра қарызы 40 000
Кт Тахир жарғылық капиталы 60 000
Кт Зухра жарғылық капиталы 40 000
Тахир жарғылық капиталға 20 000 доллар ақша және 40 000 долларға жиһаз берді. Зухра 40 000 доллар құрал жабдық салды.
Дт Тахир ақшасы 20 000
Дт жиһаз 40 000
Дт құрал жабдық40 000
Кт Тахир қарызы 60 000
Кт Зухра қарызы 40 000
Халықаралық стандартқа сәйкес меншіктік каиталды кез - келген уақытта біріктіруге және толытырып отыруға болады.
Серіктестіктің пайда мнен залалы құрылтайшылық келісім шартта көрсетілген кез – келген тәсілмен бөлінеді. Әдетте серіктестіктің пайдасы үш бөлікке бөлінеді:
әр серіктестік тұлғаның капиталына төленетін дивидендтер;
серіктестіктің көрсетілген қызметтеріне өтемақы;
коммерциялық тәуекел нәтижесінде түскен пайда.
Пайданы осылай бөлу әрбір серіктестің серіктестікке салған, қосқан үлесін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |