1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%


Аэрозольдық балондар. Бүріккіш клапанның құрылғысы және жұмыс принципі



бет34/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
Байланысты:
птл 1-11

66. Аэрозольдық балондар. Бүріккіш клапанның құрылғысы және жұмыс принципі.
Аэрозольдер бұлар өндірісте шығарылатын дайын дәрі түрі,мұнда дәрілік және косымша заттар пропеллентпен бірге тыгыз жабылған арнайы баллоннын ішінде кысым астында болады. Дәрілік, қосымша заттар мен ыгыстырғыштарды кұюға арналған ыдыстарды баллондар деп атайды. Оларды металдан, полимерден және шыныдан дайындайды. Біздін елде балондар тек шыныдан сыртын полиэтиленнен, поливинилхлоридтен жасалган полимерлі қабатпен қаптап дайындайды. Шыны баллондар НС-2 жане НС-2А маркалы бейтарап шынылардан жасалынады, олардын көлемі 15 мл-ден 80 мл-ге дейін. Баллонның қабырғаларының қалындығы біркелкі және 20 атмосферадан кем емес ішкі қысымга төзімді болуы керек.
Шыныга қойылатын негізгі талаптардың бірі - жоғары химиялық төзімділігі. Ол -пропелленттердін, органикалык еріткіштердін, дәрілік заттардын агрессивті әсеріне қарсы тұру қабілеті.
Шыны термиялык төзімді болуы керек, 150°С-ка жуык температура айырмашылыгына шыдамды болуы керек.
Аэрозольді баллонның құрылысы
Аэрозольді орауыш: баллоннан, сифонды тутікшеден, клапанды -шашыраткыш қондырғылардан және пропелленттен турады. Сұйық фазаның үстінде онымен тепе-тең калыпта пропелленттің қаныққан бу қабаты орналасады, оның көмегімен баллонның ішіндегі дәрілік зат сыртка шығарылып, ауада шашыратылады. Сифонды түтікше осы жіберілетін дәрілік заттың ерітіндісіне, суспензиясына немесе
эмульсиясына батырылған (сурет 41).
Аэрозольдік баллонның құрылысы
1-2,-клапанды-шашыраткыш қондырғылар; 3-баллон; 4-сифонды тутікше; 5-сұйық пропеллент; 6-пропеленттін булары.
Пропелленттер бұлар аэрозольді орауыштың ішінде қажетті кысым тудыратын газ тәріздес заттар. Олар тудыратын кысым әсерінен дәрілік зат сыртка ығыстырылып шығарылады.


67. Престеу әдісімен алынатын суппозитрий өндірісінің сатылырын атаңыз
Престелген (немесе таблеттелген) суппозиторийлер. Мұндай суппозиторийлер дайындауда майлы суппозиториялык негіздерді ұнтаққа айналдырады, олардың тиеуші воронкадан еркін ағылуын қамтамасыз етеді және суппозиторийлерді, таблеткалар тәрізді, престеу тәсілімен дайындайды. Престеу үшін тиісті формалы матрицалар мен пуансондар колданылады. Дәл дозала- нуды, сусымалдылықты қамтамасыз ету үшін суппозиториялық негізді тоңазытқыш камерада 3-5°С температураға дейін тоңазы- тады, ұнтақтайды және елеуіш арқылы елейді. Технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін негіздің құрамына 10-20% дейін сұйылткыш заттар (лактоза, сахароза, аэросил), тайғак заттар ретінде 3-5% дейін крахмал мен аэросил (1:1) қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет