1-4-сыныптарга арналган тесттер жинагы Мазмұны
Дата 12.04.2020 өлшемі 28,46 Kb. #62275
Байланысты:
1-4 сынып тест 1-4-сыныптарга арналган тесттер жинагы
Мазмұны
1. Алғы сөз -------------------------------------------------------------------------- 4
2. 1-сыныпқа арналған тест ---------------------------------------------------- 5
3. 2-сыныпқа арналған тест----------------------------------------------------6
4. 3-сыныпқа арналған тест----------------------------------------------------7
5. 4-сыныпқа арналған тест ---------------------------------------------------- 9
Алғы сөз
Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын тест арқылы текесеру жүргізілуде. Тестілеудің педагогикада өз заңдылықтары мен талаптары б а р екені белгілі.
Тест – психологияда жеке адамның ақыл-ойы дамуының, білік-дағдыларының, қабілеті дамуының белгілібір деңгейін тексеруге арналған стандартты формадағы тапсырмалар жиынтығы болып келеді.
Бұл тестінің компьютерлік тест бағдарламасына салып оқушылардың білім деңгейін тексере отырып олардың қызығушылығын , өзінің білімін өзі бағалау арқылы көбірек білуге деген құштарлығын арттырары сөзсіз. Бұл жинақтағы тесттер 1-4-сынып оқушыларының музыкадан алған білімдерін тексеруге арналған.
Тест. 1-сынып.
1. Ауызша жатталып таралатын әндер
А). Композитор әні.
Ә) Халық әні.
Б). Әнші әні.
2. Әнді шығарушы адам.
А). Ақын.
Ә) Әнші.
Б) Композитор.
3. Баланың ең алғаш қадам басқан тойы .
А) Тұсаукесер.
Ә) Бесік тойы.
Б) Сүндет тойы.
4. Әннің сөзін жазушы
А)әнші
Ә) жазушы
Б) композитор
5. Төрт түлікке арналған әндер.
А) Санамақ.
Ә) Тұсаукесер жыры.
Б) Төлдер.
6. Табиғатты бейнелейтін ән?
А) Алатау.
Ә Сурет сабағы.
Б) Әліппе.
7 . Қазақ халқының әнші-композиторларын қалай атаған?
А). Күйші.
Ә). Ақын.
Б). Сал, сері.
8. Қандай аспап музыкалық дыбыс бермейді?
А) Домбыра.
Ә). Скрипка.
Б). Барабан.
9. «Сарыарқа» күйінің авторы кім?
А) Құрманғазы.
Ә) Дәулеткерей.
Б). Ақан сері.
10. Аспапта орындалатын музыкалық шығарма?
А) Ән
Ә). Күй.
Б) Би.
11. Домбыраның құрылымын жаз.
12. «Абай, Жамбыл, сал Біржан» жолдары қай әнде айтылған?
А) Менің Отаным.
Ә) Домбырасыз сән қайда.
Б) Ана.
13. Қобыздың атасы кім?
А) Ықылас
Ә) Қорқыт
Б). Сармалай.
14. Домбыраның шығу тарихы қай күйде берілген?
А) Ақсақ киік.
Ә) Қосалқа.
Б) Ақсақ құлан.
15. «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші кім?
А) Күләш
Ә) Шара
Б) Дина.
16. Ысқышпен ойналатын қандай аспап?
А) Домбыра.
Ә). Гитара.
Б) Қобыз.
17. Мына әндердің қайсысы нәрестеге арналған ән?
А) Ортеке
Ә) Әлди-әлди
Б) Ақша қар.
18. Жетішекті қазақтың музыкалық аспабы қалай аталады?
А) Сазсырнай.
Ә) Жетіген.
Б) Сыбызғы.
19. Оркестрды басқаратын адамды кім деп атайды?
А) Басқарушы.
Ә) Композитор.
Б) Дирижер.
20. Қай аспап ұрмалы аспап?
А) Асатаяқ
Ә) Сазсырнай.
Б) Үскірік.
Тест. 2-сынып.
1. Қазақ халқының аспапта орындайтын музыкасы.
А) Ән.
Ә) Күй.
Б) Би.
2. Ән орындайтын адам.
А) Биші.
Ә) Күйші.
Б) Әнші.
3. Төрт түлікке арналған халық күйі.
А) Қара жорға.
Ә) Торы жорғаның бөгелек қағуы.
Б) Маңмаңгер.
4. Күйдің, әннің тез, жай, орташа орындалуын музыка тілінде қалай атайды?
А) Ырғақ.
Ә) Жылдамдық.
Б) Дыбыс күші.
5. Құрманғазының күйі.
А) Саржайлау.
Ә) Сарыарқа.
Б) Алатау.
6. Пиано қандай динамикалық таңба?
А) Қатты.
Ә) Орташа
Б) Ақырын.
7. Біртіндеп қатты орындалатын белгі.
А) Диминуэндо
Ә) Крещендо
Б) Форте.
8. Үйлену тойында келіншекке арналып айтылатын ән.
А) Жар-жар.
Ә) Той бастар
Б) Беташар.
9. Ибрагим Нүсіпбаевтың ұстазға арналған әні.
А) Жарқын жүзді ұстазым.
Ә) Ұстазым.
Б) Мейірбан ұстаздар.
10. Қай күйші өзінің анасына арнап күй шығарды?
А) Тәттімбет.
Ә) Құрманғазы.
Б) Қазанғап.
11. Жоңғар шапқыншылығы кезінде тарихта қалған ән.
А) Ел айырылған.
Ә) Елім-ай.
Б) Бақытты балалық шақ.
12. Құрманғазының Махамбетке арнап шығарған күйі.
А) Кішкентай.
Ә) Қайран Нарын.
Б) Аман бол шешем..
13. Жаяу Мұсаның әні.
А) Көкшолақ.
Ә) Ақ сиса.
Б) Жас дәуірдің түлегіміз.
14. Алтынбек Қоразбаевтың ұстазы.
А) Сүйінбай.
Ә) Жамбыл
Б) Кенен.
15. Жәй, бірқалыпты орындалатын бидің түрі.
А) Вальс
Ә) Хор
Б) Полька.
16. Дыбысты ұзақ созып айту үшін қолданылатын музыкалық белгі.
А) Фермата.
Ә) Стаккато
Б) Лига
17. Операда дуэтты орындайтын кейіпкерлер.
А) Тышқанның әні.
Ә) Доңыз бен тышқан.
Б) Доңыз бен қоян.
18. Операда кейіпкерлердің орындайтын әні қалай аталады?
А) Партия
Ә) Дуэт
Б) Финал.
19. Жетім бала қандай шығарма?
А) Ертегі.
Ә) Аңыз-күй
Б) Аңыз-әңгіме.
20. Жетім балаға кездескен кім?
А) Қошан сері.
Ә) Аңшы
Б) Малшы.
21. Жігіттің екі сөйлегені — …………. ,
Еменнің еңкейгені — ………….. .
22. Жау-жау, жаңбыр қай композитордың әні?
А) К. Қуатбаев.
Ә) К. Дүйсекеев
Б) И. Нүсіпбаев.
23. «Жыл басы кім болады» музыкалық ертегісінің авторы.
А) Ш. Құлманова.
Ә) Е. Өтетілеуов.
Б) С. Қарапаев.
24. Алтынбек Қоразбаевтың шәкірті.
А) Мейрамбек Беспаев
Ә) Саят Медеуов.
Б) Мақпал Жүнісова.
25. Шәмші Қадаяқовтың әні.
А) Ана тілім.
Ә) Балдырғандар әні.
Б) Ел қорғауға әзірміз.
Тест. 3-сынып .
1. Халық өмірінен алынған ұзақ тақпақ, терме түрінде баяндалатын әңгіме.
А) Жыр.
Ә) Жырау.
Б) Күй.
2. Алпамыс жырындағы жағымсыз кейіпкер.
А) Алпамыс
Ә) Ұлтан
Б) Байбөрі
3. Алпамыстың жары кім?
А) Қарлығаш
Ә) Гүлбаршын
Б) Гүлдерай
4. Ре нотасы қай сызықта орналасқан?
А) Бірінші сызықта
Ә) бірінші сызықтың астында
Б) екінші сызықта
5. Италияндықтардың жылдам, тез орындалатын биі.
А) менует
Ә) тарантелла
Б) вальс
6. Алпамыс зыңданда серке мүйізінен жасаған аспап.
А) сырнай
Ә) қобыз
Б) сыбызғы
7. Төменгі до нотасынан жоғарғы до нотасының аралығы қалай аталады?
А) эпос
Ә) әуен
Б) октава
8. «Он үш жаман» кімнің термесі?
А) Бұқар жырау
Ә) Махамбет
Б) Халық термесі
9. Бүтін нота нешеге саналады?
А) 1-еу, 2-еу
Ә) 1-еу, 2-еу, 3-еу, 4-еу Б) 1-еу
10. Нұртуғанның термесі қандай?
А) Жастарға өсиет
Ә) Қанеки тілім сөйлеші
Б) Соңғы терме
11. Бәдік айтысы дегеніміз қандай айтыс?
А) малды емдеу үшін айтылатын
Ә) қыз бен жігіт айтысы
Б) үйлену тойында айтылатын
12. Алпамыс батыр жырында қай айтыстың түрі кездеседі?
А) Бәдік айтыс
Ә) Жар-жар
Б) ақындар
13. Дыбыстарды бірінен соң сабақтастырып байланыстыршы белгіні қалай атайды?
А) лига
Ә) ария
Б) фермата
14. Жар-жар айтысын кімдер орындайды?
А) жігіттер мен қыздар
Ә) жігіттер
Б) қыздар
15. маяны иіткен күйші кім?
А) шал
Ә) бала
Б) жігіт
16. Музыкада орындалып жатқан шығармада бөгеліс жасау
А) пауза
Ә) сопрано
Б) триоль
17. «Әгугай домбыра» кімні әні?
А) Кеңес Дүйсекеев
Ә) Алтынбек Қоразбаев
Б) Ибрагим Нүсіпбаев
18. Біржанмен айтысқан қыз
А) Дана
Ә) Сара
Б) Дина
19. Атақты айтыс ақыны кім?
А) Құлманбет
Ә) Нұртуған
Б) Жамбыл
20. «Біржан-Сара» операсын жазған кім?
А) Мұқан Төлебаев
Ә) Сыдық Мұқамеджанов
Б) Латиф Хамиди
Тест. 4-сынып.
1. Белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарма.
А) Симфония.
Ә) Хор.
Б) Оратория.
2. Сопрано дегеніміз не?
А) Әйелдің жіңішке биік даусы.
Ә) Ерлердің биік даусы.
Б). Әйелдің қоңыр даусы.
3. Сыдық Мұхамеджанов к ім?
А) Әнші.
Ә) Композитор.
Б). Дирижер.
4. Жыраудың әңгімесі немесе жыры.
А) Жыр.
Ә). Баллада.
Б). Бастау.
5. Ғасырлар үні неше бөлімнен тұрады?
А) 4
Ә). 6
Б). 8
6. Бір әуенді бірнеше дауыстың қайталауы.
А) Канон.
Ә). Кларнет.
Б). Альт.
7. Ораториядағы негізгі әуен.
А) Балдырғандар әні.
Ә) Елім-ай.
Б) Ақтабан шұбырынды.
8. Симфониялық оркестр орындайтын музыка.
А) Симфониялық оркестр
Ә) Вариация
Б) Симфониялық музыка
9) Қапан Мусиннің шығармасы.
А) Ақ дариға
Ә) Жайлауда
Б) Ғасырлар үні
10. «Ақсақ құлан» кімнің шығармасы
А) А. Жұбанов
Ә) С. Мұхамеджанов
Б) Ғ. Жұбанова
11. Музыкалық шығарманың шарықтау шегі қалай аталады?
А) Виолончель
Ә) Кульминация
Б) Сюита.
12. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» балетін кім жазған?
А) Бақытжан Байқадамов.
Ә) Құддыс Қожамияров.
Б) Мыңжасар Маңғытаев.
13. Музыкалық шығармадағы дыбыстың белгілі ұзақтыққа созылуы.
А) Лига.
Ә) Фермата.
Б) Соната.
14. «Ақбай» күйі кімдікі?
А) Құрманғазы.
Ә) Дина.
Б). Ыбырай.
15. Сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма.
А) Балет.
Ә) Опера.
Б). Увертюра.
16. Евгений Брусиловскийдің жазған операсы қалай аталады?
А). «Біржан-Сара».
Ә) «Қыз Жібек.»
Б). «Абай.»
17. Белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
А). Лейтмотив
Ә) Либретто.
Б). Ария.
18. «Гәкку» әні кімдікі?
А). Ыбырай.
Ә). Мұхит.
Б). Брусиловский.
19 . Бекежанның лейтмотиві қай әннің негізінде құрылған?
А) Дүние-ай.
Ә) Аққұм.
Б). Қос барабан.
20. Әннен гөрі күрделі болып келетін жеке дауысқа арналып жазылған лирикалық шығарма.
А). Романс.
Ә). Музыка.
Б). Соната.
21. «Абай» операсының авторы кім?
А) Латиф Хамиди.
Ә). Ахмет Жұбанов.
Б). М. Лермонтов.
22. Көп дауысты қайғылы музыкалық шығарма.
А) Хиросима.
Ә). Реквием.
Б) Сакура.
23. Қазақ халқының 1000 әні еңбегінің авторы.
А) С. Рахманинов.
Ә). А. Затаевич.
Б) Д. Кабалевский.
24. Чайковскийдің операсы.
А) Е. Онегин.
Ә) Каманринская.
Б) Аққу көлі.
25. Әзербайжан халқының әншілерін қалай атайды?
А) Гусан.
Ә). Ашуг.
Б) Зурна.
26. Қырғыз халқының музыкалық аспабы.
А) Қомуз.
Ә) Гиджак.
Б) Дойра.
27. «Назугум» операсының авторы.
А) М. Мусоргский.
Ә) Қ. Қожамияров.
Б) Э. Григ.
28. Құддыс Қожамияров қай халықтың композиторы?
А) Қазақ.
Ә) Өзбек.
Б) Ұйғыр
29. Модест Петрович Мусоргскийдің өмір сүрген жылдары.
А) 1839-1881
Ә) 1835-1875
Б) 1739-1781.
30. «Қазақ вальсінің» әнін жазған композитор.
А) С. Мұқанов.
Ә) Ұ. Әбдіғапбарова.
Б). Л. Хамиди. Достарыңызбен бөлісу: