1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз



Дата07.02.2022
өлшемі13,82 Kb.
#83392
Байланысты:
Абай Қ өмірі шығ Тест 1
Жеңіл атлетика

1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
В)Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 10жасында;
В) 8жасында;
С) 9жасында;
Д) 7жасында;
Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 13жаста;
В) 11жаста;
С) 10жаста;
Д) 15жаста;
Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.;
В) 1871ж.;
С) 1873ж.;
Д) 1875ж.;
Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Жаз», «Қыс»;
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) ) Көкпай;
В) Барлас;
С Байкөкше
Д) Балта;
Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
В) «Интернатта оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Жаз»;
В) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
С) «Қыс»;
Д) «Күз»;
Е) «Жазғытұры».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет