1. Адам қаңқасының маңызы?



бет5/5
Дата13.12.2021
өлшемі125,53 Kb.
#126120
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕРЛАН ТАПСЫРМА

Кеуде қуысының қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады (40-сурет). Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, бронхылар, өңеш және жүйкелер. Кеуде қуысының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет