1. Адам қаңқасының маңызы?


Адам қаңқасының бөлімдерін сипаттаңдар?



бет3/5
Дата13.12.2021
өлшемі125,53 Kb.
#126120
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕРЛАН ТАПСЫРМА

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қаңқа
3.Адам қаңқасының бөлімдерін сипаттаңдар?

Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.

Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.

Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді (36-сурет).

Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.

1– бассүйек; 2 – бұғана;  3– жауырын; 4 – төссүйек; 5 – қабырғалар ;  6 –    омыртқалар; 7 – жамбас сүйегі; 8 – тоқпан жілік;  9– шынтақ сүйегі; 10 – кәрі жілік; 11 – білезік, алақан, саусақ сүйектері; 12 – ортан жілік; 13 – тізе тобығы; 14 – асықты жілік; 15– шыбық (садақ) сүйек; 16 – толарсақ сүйестері; 17, 18 – табан, башпай сүйектері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет