1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі33,4 Kb.
#85733
  1   2   3   4
Байланысты:
фил Авдилмалиг Ертай ис 19 1


1.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) - деп есептейді.
Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын жəне негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік əлем» философиясынан көруге болады.
Философия адамды танымның, іс-əрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мəңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мəнін жəне оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық жəне əлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, «адам-əлем» жүйесіндегі жалпылық жəне мəндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Бұл байланыстар құндылықтынормативтік сипатқа ие, өйткені олар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде адам танымының шектерін бекітеді.
Ғылыми пəндердің ішінде адамның əлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын пəндер: əлеуметтік (мəдени) антропология; психология; əлеуметтік психология; əлеуметтану. Антропологиялық тəсіл адамның табиғатын, мəдениет арқылы социумның дамуын жəне адамның өмір сүру тəсілінің универсалдық жəне жекелік түрлерін зерттейді.
Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретінде қарастырылады.
Антропологиялық ыңғайдың тарихи жəне эволюциялық, салыстыру жəне типологиялық, функционалдық жəне құрылымдық талдау əдістері адамды тұтас əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастыруға көмектеседі. Антропологиялық ыңғайдың əдістерінің көмегімен тарихи, географиялық, климаттық, биологиялық, психологиялық, əлеуметтік, гендерлік, этникалық жəне басқа да факторлардың адамға əсерін зерттеуге болады. Адам мен қоғамның қарым-қатынастарын тереңірек жəне егжей-тегжейлі талдау мақсатында қазіргі кезеңде адамды зерттеу аясына антропологияның жаңа ұғымдары мен ыңғайлары жасалып ендірілуде



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет