87
Қазіргі жастар темекі шегу, арақ ішу сияқты әдеттердің адам
денсаулығына зиянды екенін түсініп келе жатыр және дұрыс тамақтану,
ағзаны шынықтыру, тазалықты сақтау керектігін жақсы біледі.
21-жаттығу.
Полилогті оқыңыздар. Мазмұнын айтып беріңіздер.
Батыр: - Таңертең тұрысымен дене жаттығуын жасағанды ұнатамын.
Оралбек: - Мен таза ауада ұзақ серуендегенді жақсы көремін.
Әсіресе, ұйықтар алдында далада жарты сағат серуендеп
келу адам ағзасына өте пайдалы.
Азат:- Мен жүзумен шұғылданамын. Аптасына екі рет бассейнге
барамын.
Аңсар: - Таңертең ерте тұрып жүгіремін. Бұл менің күнделікті
әдетіме айналды.
Оралбек: -Жазда ерте тұрып, балық аулауға жиі барамын. Табиғат
аясында оңаша отырып демаламын.
Батыр: -Ал темекі шегу - денсаулыққа зиян.
Азат: - Күнде дене жаттығуымен айналысатын болсаң, өзіңді
үнемі сергек ұстайтын боласың.
Аңсар: -Дұрыс айтасың, спортпен шұғылданған денсаулыққа пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: