Бүркіт: - Сізбен танысуға бола ма?
Мұрат: - Әрине, болады. Менің есімім - Мұрат. Мен Қазақстанның
Солтүстік аймағында тудым. Туған жерім – Көкшетау қаласы.
Бүркіт: - Менің есімім – Бүркіт. Мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы
қасиетті Түркістан жерінде тудым.
Мұрат: - Қазақстанның солтүстігінде орыс, украин, белорус, неміс,
татар,
поляк, кәріс және басқа да ұлт өкілдері тұрады. Бұл өңір егін және
малшаруашылығымен айналысады.
Бүркіт: - Біздің өлкеде мақта өсіріледі. Жеріміз көкөніс, жеміс-
жидектерге
бай. Түркістанда Арыстанбаб, Қ.А.Йасауи кесенелері бар.
Мұрат: - Ал Астанаға қандай мақсатпен келдің?
Бүркіт: - Жаңа Астананы көру үшін келдім.
Мұрат: - Ұнады ма?
Бүркіт: - Әрине, ұнады. Бір-біріне ұқсамайтын әсем ғимараттарына
таңғалдым.
Мұрат: - Жақсы, Бүркіт. Сенімен танысқаныма қуаныштымын!
Бүркіт: - Мен де қуаныштымын!