98
үлкен. Адам бір күнде кәсіпкер болып шықпайды. Белгілі бір кәсіпорын
ашылғанда, ол кәсіпорынның өндірген тауарлары дүкендерде сатады.
Сатудан түскен ақша қайтадан зауытқа инвестиция түрінде құйылып,
тауардың жаңа түрлері шығарылады. Осылайша капиталдың айналымы
жүреді. Кәсіпкер осы қоғамға пайда әкелетін адам деп айта аламыз.
Кәсіпкер басқаларға жұмыс тауып береді. Ол ашқан жұмыс орындары
қаншама отбасы үшін күнкөріс көзі болады. Кәсіпкер мемлекетке салық
төлейді, бюджет қоржынын молайтады. Кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы
бар жобаларға қатысады.
Кәсіпкер үшін іскер болу, нақты шешім қабылдау, жұмысты дұрыс
ұйымдастыра білу құнды қасиет болып табылады. Мұндай қасиетке ие
адам барлық істерден пайдалы жақтарды көре біледі.
Іскер басшы өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарайды. Еңбек
қызметін тиімді пайдалана біледі. Қол астындағы қызметкерлердің
қызметін ұйымдастыра алады және іске жұмылдыра біледі.
Достарыңызбен бөлісу: