1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет154/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Мәтінді оқыңыздар
 
           Ар-ождан  бостандығы  –  ол  тек  діни  таңдау  бостандығы  емес,  одан 
кеңірек  –  дүниетанымдық,  соның  ішінде  діни  емес  таңдау.  Осы  таңдау 
құқығын мемлекет адамға қалдырады және оның шешімін қабылдауға, оны 
қорғауға міндеттенеді.  


104 
 
            Адамның  наным-сенім  бостандығы  құқығын  сақтау  мәселелеріне 
Қазақстанда  аса  үлкен  назар  аударылып  келеді.  Дін  саласы  Конституция, 
Азаматтық  кодекс,  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заң 
арқылы  реттелуде.  Конституцияның  1-бабында  былай  делінген: 
«Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және 
әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  – 
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». 
            Дін  халықтың  мәдениетін,  рухани  болмысын,  әдет-ғұрпын,  салт-
дәстүрін  қалыптастыратын  негізгі  арна.   Кез-келген  халық  өзінің  дәстүрлі 
діни  таным  мен  діни  тәжірибе  негіздерінен  ажырайтын  болса,  онда  ол 
халық өзінің рухани мәдени болмысынан да түбегейлі ажырайды. Дін мен 
дәстүр  бірлігі    өткеніміздің  тарихы,  болашағымыздың  кепілі  болып 
саналады.  Қазақ  халқы  дін  қағидаларын  әрбір  мақал-мәтелдеріне,  аңыз-
әңгімесіне  сіңіріп,  рухани  және  имани  құндылықтарына  айналдырды.  Дін 
тек  сенім  жүйесі  ғана  емес,  ол  –  өмір  сүру  мәнері,  моральдық  нормалар 
мен қарым-қатынас әдебі, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратушы 
рухани қағидалар жүйесі. 
             Таным – бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы 
ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын 
ашты.  Діни  таным    дүниетанымның  бір  формасы  ретінде  адамның  өмірі 
мен  оны  қоршаған  дүниеге  әсер  ететін,  табиғаттан  жоғары,  ғажайып 
күштердің  бар  екендігін  негізге  алады.  Дәстүрлі  діни  таным  –  халықтың 
ғасырлар бойы өзінің болмысына сай қалыптастырған рухани құндылығы. 
  
           Діни мерекелер – әрбір дін өкілдерінің ерекше қастерлейтін  күндері.
 
Елбасының  шешімімен  Құрбан  айт  және  Рождество  мерекелері  демалыс 
күндері болып жарияланды. 
 
          
Ораза айт – Рамазан айы аяқталуының құрметіне орай мұсылмандар 
арасында тойланатын мереке.   
           Қасиетті Құрбан айтта мұсылмандар Аллаһ Тағаланың ризашылығы 
үшін  мал  сойып,  құрбандық  шалады.  Құрбан  айт    3-4  күнге  созылады.  
Құрбан айттың алғашқы күні  Қазақстанда демалыс болып жарияланды. 
            
Ересектер  мен  балалар  асыға  күтетін  дәстүрлі  Жаңа  жыл  мен 
Рождество  мерекелері  елімізде  бірге  тойланады.  Дәстүр  бойынша  шырша 
безендіріліп, адамдар бір-бірін  құттықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет