130
Еліміздің табиғаты – өте сұлу. Табиғатымыздағы өзендер мен
көлдер жеріміздің байлығы болып саналады. Су – тіршілік көзі. Сусыз
тіршілік ету мүмкін емес. Су - адамдарға, жан-жануарлар мен
өсімдіктерге аса қажетті минералды зат.
Еліміздегі өзендер, көлдер мен теңіздерді сақтау – адамзаттың негізгі
міндеті. Себебі өзендер, көлдер мен теңіздер – біздің су ресурсымыз. Таза
су – біздің болашағымыздың мәселесі. Ауыз су мәселесі де – бүгінгі күні
адам денсаулығымен тікелей байланысты негізгі мәселелердің бірі.
Қазақстанның эколог-ғалымдары осындай көлемді мәселелерді шешу
жолдарын ұсынып отыр.
Біздің елімізде қоршаған ортаға қатысты өзекті экологиялық
мәселелер көп. Олардың бірі – Арал және Каспий теңіздері суының азаюы
мәселесі. Екіншісі – теңіздер мен өзен-көлдер суының ластануы, ауаның
бұзылуы. Бұл өзгерістер табиғаттың бұзылуына және адамның
денсаулығына әсер етуде.
Бүгінде табиғатты қорғау мәселесімен бүкіл дүниежүзі елдері
айналысып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның
табиғат байлығын қорғау
мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Алдымен еліміздің Арал,
Балқаш, Семей өңірлеріндегі экологиялық мәселелерді шешуіміз қажет.
Мамандар
еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығын
бақылауды қолға алуда.
Ұлы дала қазба байлықтарына – мұнай, газ, алтын, мыс, темір,
көмір бай. Қазақстанның жер қойнауында 90-нан астам пайдалы
қазбалардың түрі бар. Оның ең басты байлығы – түсті және қара металдар.
Бүгінде ол өзінің аймағында өндірілетін алтын, мыс, мырыш, жез, темір,
уран, қорғасын, қалайы, никель, вольфрам сияқты қазба байлықтарымен
дүниежүзіне танылған. Сондай-ақ республикамызда тас көмір мен қоңыр
көмір, мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп.
Еліміздің батыс аймағын Каспий теңізі алып жатыр. Ол – мұнайға
аса бай өңір.
Достарыңызбен бөлісу: