Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы
аумағында жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Бұл кітапқа сирек
өсімдіктер мен жануарлар түрлері, аң-құстар, жәндіктер тізімі енген.
Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, тырна, қызыл қасқыр, сондай-ақ
аңдар мен құстар кіреді. Солардың ішіндегі барыс – Қазақстандағы ең
үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды.
Ақбөкен, киік – бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға
ұқсас, дөңес тұмсықты, түз жануары.
Үкі – орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш
құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ.
Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар мен аң-құстар, өсімдіктерді
сақтау – біздің міндетіміз.