1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет250/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Мәтінді оқыңыздар
 
          Жерді  дөңгелене  қоршаған  бүкіл  дүние    әлем  немесе  ғарыш  деп 
аталады.  Ғарышты  зерттеушілердің  болжауынша,  жұлдыздардың  жалпы 
саны  әлденеше  миллиардтан  асып  кетеді.    Жұлдыздар  жерден  өте  көп 
қашықтықта  орналасқан.  Жерге  ең  жақын  жұлдыз  –  Күн.  Жердің  серігі  – 
Ай.  Олар  да  жұлдыз  сияқты  жылтырап  көрінеді.      Жердің  төңірегінде  ірі 
аспан  денелері,  планеталар  айналып  жүреді.    Ғарыш  әлемінің  ашылмаған 
құпиясы  көп.  Оны  зерттеу  үшін  түрлі  заманауи  зымырандар  мен 
ғарышкерлер сапар шегуде. 
          Қазақстанның  ғарыш  айлағы  –  Байқоңыр,  ол  Қызылорда  облысы 
Қармақшы  ауданының  аумағында  орналасқан.  Іргесі  1955  жылы 
қаланған. Байқоңырдың ұшу жолы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін 
созылып  жатыр.  Қазір  оның  аумағы  өте  үлкен.    Айлақтың  жер  бетіндегі 
бірнеше    ұшу  кешені,  ғарыш  аппараттары  мен  зымыран  тасығыштар, 
сынақтан өткізілетін көптеген  ғимараттар, ғарыш аппараттары мен  отын 
және сығылған газды құюға арналған  стансалары, екі әуежай  және өлшеу 
кешені қамтылған. Әр ғарышкер үшін ғарышқа ұшқан және Жерге қайтып 
оралған  күн  –  ерекше  күндер.  Осы  аралықты  жеке  ғарыштық  өмір  деп 
атауға да болады. 
         1961  жылы  12  сәуірде    тұңғыш  рет  ғарышқа  адам  ұшты.  Ол  –            
Ю.А.  Гагарин.
 
    Қазақ  елі  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  Байқоңыр  ұшу 
алаңынан  болашақта  ғарышқа  ұшатын  қазақ  ғарышкерлерді  осы  жерде 
даярлай  бастады.  Ғарышкерлер  қатарына  іріктелген  болашақ  қазақ 
батырлары  Ресейдегі  космонавтар  әзірлейтін  жерде  дайындықтан  өтетін 
болды. 
Тоқтар Әубәкіров  –   қазақтың  тұңғыш ғарышкері, авиация генерал-
майоры.  Ол  1946  жылы  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы,  Май 
ауылында туған.   
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарыш кемесімен ғарышқа жол салды. 
Ол  50-ден  астам  жаңа  ұшақтарды  сынақтан  өткізді.
 
    Аса  қауіпті 
сынақтарды  жүзеге  асырғаны  үшін  ер  жүрек  батырға  Кеңес  Одағының 
Батыры атағы берілді.
 
  
Бірнеше  жылдар  бойы  Тоқтар  Әубәкіров  тәуелсіз  мемлекетіміздің 
ғарыш  саласындағы  істеріне  басшылық  жасады.  Ол  Елбасының  ғарыш 
істері  жөніндегі  кеңесшісі  болды.  Тоқтар  Әубәкіров  –  техника 
ғылымдарының докторы, профессор. 
  
Қазақ жерінен екінші болып көкке көтерілген Талғат Мұсабаев 1951 
жылы    Алматы  облысының  Жамбыл  ауданы  Қарғалы  ауылында  дүниеге 
келген.  Ол  Рига  азаматтық  авиация  инженерлері  институтын  1974  жылы 
және  Ақтөбе  жоғары  ұшқыштар  училищесін  1993  жылы  бітірген.   Талғат 
Мұсабаев – Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ұшқыш-
ғарышкері.  Ол  –  Қазақстан  Республикасының  «Халық  қаһарманы»  деген 
атаққа ие ғарышкер.   


170 
 
Айдын Айымбетов –  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші 
қазақ  ұлтының  өкілі.    Ол  мектепті    бітірген  соң,  П.С.Кутахов  атындағы 
Армавир  жоғары  әскери  авиация  училищесіне  түсіп,    ұшқыш-инженер 
мамандығын  алып  шығады.   Айдынның  қызмет  жолы    әуе  және  ғарыш 
қызметімен  байланысты,  ол    –  өз  ісінің  маманы.  Қазақстандық космонавт 
экспедициялық сапар барысында  10 шақты зерттеулер жүргізді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет