266
барша жұртқа мойындату. Биыл да сол тамаша дәстүрден ауытқымай
еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласының ең көрікті әрі үлкен
кешендерінің бірі «Almaty Towers» те болып өтті. Кірген сәттен-ақ
көпфункционалды бұл ғимараттың әсемдігі көздің жауын алды. Залдың
ерекше талғаммен безендірілуі таңғалдырмай қоймады. Бұл күндері
әлемнің көптеген елдерінен Алматы қаласына өнерімен аты шыққан
стилист-дизайнерлер
жиналды.
Көрермендер
қазақстандық
дизайнерлердің топтамаларын асыға күтті. Себебі подиумға ерекше сәнді
киім киген қыздар шыққан кезде ерекше сезімге бөленесің.
Белгілі қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова бұл мәдени іс-
шарада өзінің “Quantum” атты коллекциясымен шықты. Мұнда нәзік
көйлек ерлердің күртешесімен келістірілген. Бұл еркіндіктің, сән әлемінің
шексіздігін айғақтайды.
Ешкімге ұқсамайтын сән үлгілерімен ерекше көзге түскен
қазақстандық дизайнер Аида Қауменова болды. Оның коллекциясынан
әйелдерге тән нәзіктік пен сымбаттылық лебі сезіліп тұрды. Биыл сәнді
болып есептелетін қоңыр түс басымдық танытып, басқа да түстермен
ғажайып үйлесім тапқан.
5.
Мәтінді оқыңыз. Оған тақырып ұсыныңыз. Мәтінді тағы да
қайталап оқыңыз және ондағы негізгі ойды өз сөзіңізбен әңгімелеп
беріңіз.
Сыр сұхбат
6.
«Сәнді киіне білесіз бе?» мәтінімен таныстыңыз. «Қазақстанның ең
үздік бренді» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: