Әлеуметтік жағдай – халықтың тұрмыс – тіршілігі
4.
Қор – мемлекеттің белгілі бір мақсатқа арналған қарызы
5.
Мөлшерлеме – келісілген ақша көлемі
6.
Шаршы – бір нәрсенің аумағы
7.
Үстемақы – есептелген қаржыдан артық төлем
8.
Үнемдеу – затты тиімді пайдалану.
1-жаттығу. Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Экономика
Қаржы
Кредит
Ұлттық валюта
Салық
Құнсыздану
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі сөздердің
мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен өздеріңіз сөйлем құрыңыздар.
Экономика өндіріс, халық шаруашылығы, өндірістің әр саласы,
қаражат, ақша айналысы және тағы басқа ұғымдарға байланысты
айтылады.
Нарықтық экономика – өте күрделі жүйе. Оның одан әрі дамуы
көптеген экономикалық жағдайларға байланысты. Экономикалық саясат
құрылымдық, инвестициялық, қаржы-кредит, әлеуметтік, сыртқы
экономикалық, ғылыми-техникалық, салық бюджеті саясатын қамтиды.