Оған Астана мен Алматы қалаларының әдемі жерлері туралы
айтып бер.
11-жаттығу. Рөлге бөлініп оқыңыздар. Осы диалог үлгісі бойынша
туған жерлерің туралы сұхбат құрыңыздар.
Мақсат: - Арман, сенің балалық шағың қайда өтті?
Арман: - Мен Көкшетау қаласында тудым.
Тілек: - Мен Қарқаралыда тудым.
Қуаныш: -Ал мен Астана қаласында тудым. Менің атамекенім – қазақ
жері. Осындай елде туғаныма қуанамын.
Фархад: - Тәуелсіз қазақ жерінде көптеген ұлттар бір үйдің баласындай
өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өкілдері болса да, олардың
мақсаттары мен тілектері бір.
Мақсат: - Қазақстан – өз астығымен, жер асты кендерімен даңқы шыққан
ел.
Тілек: - Менің елім - бейбітшілікті қалайтын ел.
Қуаныш: - Әрине, Тілек. Қазақстан халқы тыныштықта, тату-тәтті өмір
сүріп жатыр.
Фархад: - Бәріміз осы елде өстік. Мен осы елді өзімнің Отаным деп
санаймын.
Мақсат: - Сенімен бәріміз келісеміз, Фархад.