11-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін кесте бойынша
жазыңыздар.
12-жаттығу. Сұхбатты оқыңыздар.
Заманауи технология
Алуа:
- Нейля, сенің жұмыс кабинетіңде қандай техникалық
құралдар бар?
Нейля:
- Компьютер, цифрлы фотоапарат, плеер, iPOD бар.
Алуа:
- Мен кеше notebook сатып алдым.
Нейля:
- Компьютеріңді Интернет желісіне қостың ба?
Алуа:
- Иә, әрине. Жылдамдығы жоғары интернет жүйесіне қостым.
Мен интернет материалдарын көп оқимын ғой.
Нейля:
- Сен, «Power Point» бағдарламасымен жұмыс істей аласың
ба?
Алуа:
- Әрине, «Power Point» бағдарламасын тез үйреніп алдым.
Оның пайдасы көп екен. Сол арқылы презентациялар жасап
жүрмін.
Нейля:
- «Үздік оқу орындары» туралы презентация бар ма?
Алуа:
- Бар. Қажет болса, флешкаңа жазып берейін.
Нейля:
- Саған көп рақмет!
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Ғылым саласы
Танымал ғалымдар
Инновация
Тіл білімі
М.Серғалиев
Электрондық оқулық
67
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.