Шағын және орта кәсіпкерлік – мемлекет экономикасының тірегі.
Кәсіпкерлікпен, шағын және орта бизнеспен айналысу – экономикалық өсу
факторларының бірі болып табылады. Экономикалық өсу – халықтың әл-
ауқатының артуына жағдай жасайды.
Шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы
индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы. Біздің
экономикада шағын және орта бизнестің үлесі көп болса – Қазақстанның
дамуы тұрақты болады. Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпкер
тұлғалардың ортасы қалыптаса бастады.
«Іскер» – «бизнесмен» сөзінің баламасы. Іскер адам – өз саласында
жетістікке жеткен тұлға. Кәсіпкер адам дегеніміз кім? Ол – көшбасшы. Ол
әрдайым жеңімпаз болуға ұмтылады. Кәсіпкер – өзіндік идеясы бар, ойын
жүзеге асыратындығына көзі жететін, өзіне деген сенімі күшті, жігерлі әрі
қайратты адам. Сондықтан нарық заманында кәсіпкерлердің атқарар рөлі