1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


-жаттығу.  Мәтіннен  өздеріңізге  таныс  сөздерді  теріп  жазып,  олардың  мағынасын түсіндіріңіздер.    8-жаттығу



Pdf көрінісі
бет218/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

7-жаттығу. 
Мәтіннен  өздеріңізге  таныс  сөздерді  теріп  жазып,  олардың 
мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
8-жаттығу. 
Абзацтардағы  басым  сөздер  және  сөз  тіркестерімен  берілген 
сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар және оларды қайталап оқыңыздар. 
 
9-жаттығу. 
Оқулықтың соңында берілген Оқу сөздіктерінен басым сөздер 
мен сөз тіркестерінің аудармасын және  мәтінде кездесетін жаңа сөздердің  
түсіндірмесін қарап, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар. 
 
10-жаттығу.
 Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
Экология 
Экологиялық мәдениет 
Экологиялық қауіпсіздік 
Табиғатты аялау 
Жас буын 
Көгалдандыру 
 

 
Есте сақтаңыздар! 
 Көздің қарашығындай –жоғалтпау, сақтау.
 
 
11-жаттығу.
  Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  
сөйлем құрып жазыңыздар. 
 


151 
 
            Халқымыз 
табиғатты 
 
көздің 
қарашығындай 
сақтаған.  
Халқымыздың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігі  үлгі-өнеге  боларлық  асыл 
мұралар,  даналық  ұғымдар,  мақал-мәтелдер,  нақыл  сөздер,  аңыз-әңгіме 
арқылы  қазіргі  ұрпаққа  жетіп отырған.    Жас  ұрпақты  тәрбиелеп,  олардың 
жеке  тұлғасын  қалыптастыру  барысында  өскен  ортасы,  табиғаттың 
әсемдігі,  көгалдандыру  мәселесі    негізгі  әлеуметтік  факторлардың  бірі 
болып табылады. 
 
12-жаттығу.
 Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А)
   
Экологиялық  мәдениет  –  адамның  тіршілік  әрекетінің  рухани-
адамгершілік саласына жатады. 
  
Ә)
 
Ұлттық    экомәдениет  қазіргі  қоғамның  маңызды  бөлігіне  айналуы 
керек. 
 
13-жаттығу.
  Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканың  астын  сызыңыздар. 
Сөздердің  мағынасын    түсіндіріңіздер  және  ондағы  ойды  басқаша 
түсіндіріңіздер. 
 
           
Экологиялық мәдениет  –  дүниежүзілік  мәдениеттің маңызды  кезеңі 
және  құрамды  бөлігі.  Экологиялық  мәдениет  ұғымы  экологиялық 
қауіпсіздікті болжау,  табиғи ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау, оның 
байлықтарын  дұрыс  пайдалану  және  табиғатты  жақсарту  мәселелерімен 
тығыз байланысты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет