21-жаттығу. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар, олармен сөз
тіркестерін құрыңыздар.
Үлгі: «Алтын Қыран»
22-жаттығу. Асты сызылған сөздерді синонимдерімен ауыстырып
жазыңыздар.
1.
Бұл сыйлыққа ғылыми зерттеу, әлемді дүр сілкіндірген ерекше
жаңалықтар, мәдениет немесе қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар
дайындаған азаматтар ие болады.
2.
Стипендиялар мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында
мәдениет және өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ айтулы шығармашылық
жетістігі үшін дарынды жастарға да беріледі.
Синоним сөздер : жер жүзін, айрықша, үлкен, еңбектер, иеленеді;
үшін, талантты, тапсырылады
23-жаттығу. Берілген
сөйлемдерді
сұрау
мәнді
сөйлемдерге
айналдырыңыздар.
1.
Жыл сайын Қазақстанда жас білім алушыларға мыңдаған білім
гранттары бөлінеді.
2.
Стипендия жоғары білім беру мекемелері мен кәсіби техникалық
мекемелердің студенттеріне төленеді.
3.
Мемлекеттік сыйлық алған адамдарға «Қазақстан мемлекеттік
сыйлығының лауреаты» деген атақ беріледі.
4.
Оларға диплом және омырауға тағатын құрметті белгі қоса
тапсырылады.
5.
Нобель сыйлығына ие болған тұңғыш жерлесіміз, қазақстандық –
Достай Раманқұлов.