206
22-жаттығу.
Мәтінді оқыңыздар. Әр сөйлемдегі негізгі ойды білдіретін
сөзді алып, үлгі бойынша кеңейтіп жазыңыздар.
«Қазақстанның ең басты байлығы – оның адамдары», - деп Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан. Сондықтан біздің мемлекетіміз мүгедектер
мен қарт адамдарға үнемі қамқорлық жасап отырады.
Соңғы жылдары «Бірінші қазан - Қарттар күні» деп аталып өтеді.
Бұл мереке күндеріне арнайы апталық іс-шаралар жоспарланады.
«Қарттарға құрмет» тақырыбына әңгіме-сұхбат жүргізіледі. Мерекелік
концерт қойылады және арнайы дастарқан дайындалады. Әншілер мен
сазгерлер қайырымдылық концертін жиі ұйымдастырады. Түскен қаржыны
«Қайырымдылық қорына» аударады. Ата-анаға, туыстарға, жалпы
адамзатқа қайырымды болу - әрбір адамның парызы.
Үлгі:
1. Адамдары – байлығы.
2. Қазақстанның байлығы- оның адамдары.
23-жаттығу.
Ойланып жауап беріңіздер.
Сенің ұжымыңда қайырымдылық акциясы бола ма?
Балаларға көмек көрсетіле ме?
Сен өз достарыңа, құрбыларыңа қамқорлық жасайсың ба?
Достарыңызбен бөлісу: