Алмас: - Мақсат, Ғаламтор қашан пайда болды?
Мақсат: - Ғаламтор 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды.
Алмас: - Бұл термин нені білдіреді?
Мақсат: - Бұл ағылшын тілінде «халықаралық желі» дегенді білдіреді.
Алмас: - Ғаламтордың қызметі қандай?
Мақсат: - Ғаламтордан дүниежүзінің кез келген нүктесіндегі ауа райын,
ақпараттық агенттіктің соңғы жаңалықтарын білуге болады.
Алмас: - Ғаламтордың мүмкіндігі қандай?
Мақсат: - Оның мүмкіндігі шексіз. Адам өзінің талғамы мен көңіл-күйіне
қарай одан өзін қызықтыратын көп нәрсе таба алады.
213
Алмас: - Сенің компьютерің ғаламтор желісіне қосылған ба?
Мақсат: -Иә, мен саған электрондық поштамды берейін. Екеуміз хат
жазысып тұрайық.
Алмас: - Жақсы. Сау бол!