1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет346/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

№8  Тақырып: Саумал
 

 
Тақырыптың  атын  аударыңыз.  Ол  үшін  сізге  мынадай  сөздер  мен  сөз 
тіркестері көмектесе алады. 
Қымыз, саумал,  ашыған қымыз 
Саумал қымыз 
Тұщы қымыз, ащы қымыз  
 

 
Келесі сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыздар. 
 
   Саумал  -  бие сүті (таза, мөлдір, дәмді, саумал бұлақ   - таза, мөлдір, 
суы өте аз бұлақ суы, саумалдық  -  дәмді тағамдық өсімдік. 
          Күзгі  уақыт.  Суық.  Киіз  үйлерінің  іргесін  мықтап  бекітіп  алған 
қазақтың қай үйіне кірсе де жейтіндері ет, ішетіндері сорпа. Орыс дәрігері: 
«Еттен  басқа  қорегі  жоқ  мына  халықта  денсаулықт  жоқ.  Келер  жылы 
көктемге жетпейді», деп түйіпті ойын. 
      
Көктемде тағы келді. Жер масатыдай жайнап тұр.  Ауыл көңілді.  Әр 
үйден  әуелеген  ән  күмбірлеген  күй  естіледі.  Төскейдегі  ашық  жерде 
қымызға қызған жігіттер аттарымен шыр көбелек айналады.  


244 
 
     
Аң-таң болған дәрігер киіз үйдің біріне кіреді. Қауқылдасқан жұрт ет 
жеп  отыр.  Еттен  соң  сорпа.  Сорпадан  соң  тостағандарын  меймілдетіп 
ағарған ішіп жатыр.  
-
 
Бұл не ? – дейді ол. 
-
 
Қымыз. 
-
 
Оны қайдан аласыңдар? 
-
 
Биеден. 
Дәрігер  жылқының  жайына  әбден  қанығады.  Бұл  жануар  шөптің 
асылын жейді, судың тұнығын ішеді. Сондықтан еті де, сүті де ем. 
   
 Қымызды    талғап  жұтып  көрген  дәрігер:  «  Бұл  халық 
өлмейді,себебі,дәрісі бар екен»,деп кетіпті. 
     
 Абылай  хан  ішкен  делінген  қымыздан  дәм  татқанбыз.  Оған  сары 
қазының майы сіңірілген, құрамында әселден бөлек, ұсақ туралаған мейіз, 
кептірілген  өрік  бар  қарақошқыл  қымыз  Абылай  ханның  жорықта  ішер 
сусыны болған екен. Жаумен қырғын соғыс кезінде бел жазып тамақ ішер 
күн қайда, сары қазы сіңірілген сусын әрі тамақ әрі шөл басқан ғой. 
 

 
Ашыған қымыз – саумал қымыз сөз тіркестерін салыстырыңыздар. 
 

 
Мақалада 
берілген 
суретке 
назар 
аударыңыздар. 
Ойларыңызды 
түсіндіріңіздер, оларды не біріктіреді? 
 

 
Осы суреттің мазмұнын беру үшін сөздер мен сөз тіркестерін табыңыздар. 
Түсіндіріңіздер. 

 
Саумал сөзін буынға бөліп жазыңыздар, әрбір буынның негізгі лексикалық 
мағынасын түсінуге тырысыңыздар. Сөздікті пайдаланыңыздар. 
 

 
Мақала авторы кім? Оқыңыздар.  
 

 
Мақала  жарияланған  газеттің  аты  қалай  аталады?  Бұл  сөздер  сізге  таныс 
па? 
 

 
Қымыз сөзі сізге таныс па? Ол ұлттық сусын ба? 
 

 
Саумал қымыз  -  таза, мөлдір, дәмді жаңа сауған бие сүті деген ұғым. 
 

 
 Ал саумал ше? 
 

 
Мәтін  5  абзацтан  тұрады.  Сіздер  бірінші  абзацты  оқыңыздар  және 
аударыңыздар.   
  

 
Келесі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  естеріңізде  сақтауға  тырысыңыздар. 
Олардың    барлығы  мәтін  мазмұнында  кездеседі
.  Ет,  сорпа,  еттен  соң 
сорпа, ағарған ішу, қымыз, бие, еті де ем, сүті де ем, сусын. 


245 
 
 

 
«Қорегі жоқ» тіркесін қалай түсінесіздер? 
 
«Қорек»  сөзінің  түсіндірмесі  былайша  түсіндіріледі: 
«Табиғаттағы 
тіршілік  етіп  жатқан    жан-жануар,  құрт-құмырсқа  және  адамдардың 
өмір сүруіне керек азық, тамақ». 
 

 
Берілген сұраулар тізімін оқып, оған өзіңіздің ойларыңызды, пікірлеріңізді 
айтыңыздар. 
 

 
Адамдардың қорегі не? Олар қандай азық-түлікпен қоректенеді? 

 
Жан-жануарлардың қорегі не? Олар немен қоректенеді? 

 
Құрт-құмырсқаның қорегі не? Олар немен қоректенеді? 
 

 
Екінші  абзацты  толық  оқып  шығыңыздар.  Оның  мазмұны  бойынша 
орысша сөзбе-сөз аудармасы берілген сөйлемдерге назар аударыңыздар. 
 
          
Жер масатыдай  жайнап   тұр. 
          Әр үйден әуелеген ән,  күмбірлеген күй  естіледі. 
          Төскейдегі  ашық  жерде  қымызғы  қызған    жігіттер    аттары  мен 
шыр көбелек айналады. 
 

 
Енді осы сөйлемдерден қысқаша мәтін құрып жазыңыздар. 
Үлгі: Масатыдай  жайнап   тұр. Нелер масатыдай жайнап тұр. 
а) Көк шөп масатыдай жайнап тұр. 
ә) Гүлдер масатыдай жайнап тұр. 
б) Айнала масатыдай жайнап тұр. 
 

 
Үшінші абзацты оқып шығыңыздар.  

 
Үшінші абзацтағы сұрақтардың толық жауабын жазыңыздар. 
 
-
 
Бұл не ? – дейді ол. 
_______________________________________________________ 
 
-
 
Оны қайдан аласыңдар? 
________________________________________________________ 
 
Мәтін  абзацы  мағыналық  бөліктерге  бөлініп  жазылған.  Сіздер 
теледидар  дикторы  рөлінде    мәтінді  пауза  жасай  отырып  оқып 
шығыңыздар. 
 
         Аң-таң  болған  дәрігер    //    киіз  үйдің  біріне  кіреді.    Қауқылдасқан 
жұрт      //    ет  жеп  отыр.    Еттен  соң      //    сорпа.      Сорпадан  соң    //  
тостағандарын мейпілдетіп  //  ағараған ішіп жатыр.  


246 
 
 
       - Бұл   //  не?  -  дейді ол. 
       - Қымыз. 
       - Оны  //  қайдан аласыңдар? 
       - Биеден 
 

 
Жаңа  сөздермен  таныс  болыңыздар.  Мүмкін  бұл  сөздер  сіздерге  таныс 
шығар? 
          
Аң-таң, қауқылдасу, меймілдеген тостаған. 
          Аң-таң     -   аң-таң болды     -    түсіне алмады. 
          Қауқылдасу          -        ашық-жарқын  сөйлеу,    қатты  дауыс  шығару,  
қауқыл дауыс, дыбыс. 
          Меймілдеу  –  тостаған    -    ыдыстың  шетіне  төгілетіндей  толтыра 
құйылған. 
 

 
Төртінші абзацты тағы да оқып шығыңыздар. Сұраққа жауап беріңіздер. 
  
          Қазақ  дәстүрі  бойынша  дастарқан  басында  отырған  қонақтарға 
бірінші  қандай  тамақ  ұсынылады?  Одан  соң  дастарқанға  не  әкелінеді?  Ет 
жеп, сорпа ішкен соң қандай ұлттық сусын беріледі? 
 

 
Абзацта  берілген  ойды  эмоционалды  бояумен    беруге  әрекет  жасап 
көріңіздер.    Бірінші  лепті  сөйлемнен,  екінші  сұраулы  сөйлеммен  өз 
ойларыңызды баяндаңыздар. 
 

 
Бесінші  абзацты  оқыңыздар.  Ондағы  қымыз,  жылқы  малы  туралы 
айтылған сөз тіркестері қалай берілген? Ойланыңыздар. 
 
 
             а. Жануар                     шөптің асылын                             жейді  
 
 
 
 
            ә.  Оның                           еті де 
                                                      сүті де                                          ем 
 
 
 

 
Мына сөздердің аудармасына назар аударыңыздар. 
           
асыл – 
           тұнық – 
 

 
Сұраққа жауап беріңіздер 


247 
 
            
Шөптің асылы не? 
            Судың тұнығы қандай болады? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет