43
Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын іс жүзінде
басшылыққа алады.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ заңында адамның өмір сүру
құқығы, жеке басының бостандығы, тұрғылықты жерін өз еркімен
таңдауы, өз қалауы бойынша мамандық таңдап еңбек етуі, еңбегіне сай
ақы алу, меншік иесі болу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу,
демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары және т.б жатады.
Адамның бостандығы басқаша түсіндіріледі. Оның бостандығы
көрініс табатын маңызды тұстардың бірі – жауапты шешімдерді қабылдау
екендігінде. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса
жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының
тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес
дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды, өзінің
құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады.
Талап ету қабілеті – адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: