1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет87/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
Мәтінді  оқыңыздар
 
«Мамандықтың  жаманы  жоқ,  бірақ,  мұның  кез-келгеніне  икемділік 
қажет,  бұл  жай  күнелту,  тамақ  асыраудың  ғана  жолы  емес,  үлкен  өнерді, 
зор  шеберлікті  қажет  ететін  нәрсе»,  -  деп  айтқан  жазушы  Жүсіпбек 
Аймауытов.
 
Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру 
жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды   қалыптастыруға 
және  кәсіби  шыңдауға  қажетті  жағдайлар  жасау….  Оқытудың  жаңа 
техналогиясын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық, 
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетіледі.   
Мектеп  оқушыларының  мамандық  таңдауда  дұрыс  бағыт  алу 
мәселесі      аса  жауапты  жұмыстардың  бірі  болып  табылады.  Бала  үшін 
болашақ  мамандықты   таңдау   өмірлік   жолын  дұрыс  таңдаумен   бірдей. 
Әрбір  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ескеріп,  бағыт-
бағдар  беру – біздің басты міндетіміз.   
 Жастар 
арасында 
ғылыми 
қызметкерлер, 
педагогикалық, 
инженерлік-техникалық сияқты мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. 
Инженер,  дәрігер,  мұғалім,  ғалым,  жазушы,  тілші,  мүсінші,  суретші, 
сәулетші,  экономист,  есепші,  ұшқыш,  ғарышкер  болу  үшін  көп  оқып, 
кәсіби  білім  алу  қажет.  Кейін  теориялық  біліміңді  практикамен 
ұштастырып,  тәжірибе  жинаған  жөн.  Металлург,  кенші,  жүргізуші, 


58 
 
құрылысшы,  тоқымашы,  тігінші  болғың  келсе,  өндірісте  жұмыс  істеу 
керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе 
ауылшаруашылығында  қызмет  атқарады.  Аяқ-киім  жөндеуші,  сатушы, 
шаштараз,  сағат  шебері,  зергер  тұрмыстық  қызмет  көрсету  салаларында 
жұмыс  істейді.  Ал  әнші,  биші,  сазгер,  режиссер  тәрізді  мамандықты 
таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің. 
Жоғары  оқу  орындары
 
–  білім  беру,  экономиканың,  ғылым  мен 
мәдениеттің  түрлі  салалары  үшін  жоғары  білімді  мамандар    даярлайтын 
мекемелер.        Жоғары  оқу  орындарына  академиялар,  университеттер, 
институттар  жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни  т.б. 
жоғары оқу орындары да бар. 
Жоғары  оқу  орындары  ұлттық,  мемлекеттік,  жеке  меншік  болып 
бөлінеді.  Астана  қаласында  бірнеше  жоғары  оқу  орындары  бар.  Олар: 
Назарбаев  университеті,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университеті,  «Тұран-Астана» университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ 
агротехникалық  университеті  және  т.б.  Бұл  университеттер  қоғамның 
әртүрлі салаларына  білікті мамандар даярлап шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет