1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет97/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
Мәтінді оқыңыздар.   
 
            Қазіргі  уақытта  ғылымды  кажет  ететін  отандық  өндірісті  дамыту, 
бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару еліміздің ең негізгі міндеті. Ғылымды 
қажет ететін жаңа технологияларды әзірлеу, республиканың өнеркәсіп пен 
ғылыми-техникадағы  әлеуетін  сақтау,    бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелері 
болып табылады.  
         Қазақстанның 
ғылыми-технологиялық 
саясаты 
инновациялық 
үдерістерді жандандырып, өнеркәсіп саласына жаңа технологиялар енгізіп 
жатыр.  Ғылым  мен  өндіріс  арасындағы  тығыз  байланыс  құру  арқылы 
елімізде  индустрияны  дамыту,  ұлттық  ғылыми-техникалық  әлеуетті 
дамытуға аса көңіл бөлінуде. 
            Елімізде  менеджмент,  маркетинг  және  басқа  да  салаларда  жоғарғы 
білікті  мамандар  да  жеткіліксіз.  Осыған  байланысты  қазақстандық 
мамандарды  жетекші  шетелдік  ғылыми-зерттеу  институттары  мен 
компанияларына тағылым алуға жыл сайын қаражат бөлінеді.   
          Мемлекеттік  тіліміз  өз  мәртебесін  алғаннан  кейін  шетелдік 
тәжірибелер  жинақталып,  оқу  үдерісіне  жаңа  технологиялар  ене  бастады. 
Қазақ  тілін  деңгейлеп  оқыту  жүйесі,  ақпараттық  технологиялар, 
электронды  оқулық  сияқты  педагогикалық  технология  тілді  оқытудағы 
үлкен жетістіктер болып отыр. 
          Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының басты мақсаттары 
-      білім-ғылым  мен  өндірісті  дамыту  болып  табылады.  Соңғы  жылдары 
ғылыми-зерттеу жобаларының көлемі өсіп, іргелі әрі қолданбалы ғылыми-


64 
 
зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп,  ғылымға  жаңа  инновациялық  бағыттағы 
жобалар енгізілуде.   
       Олар:  физикадағы  –  ядролық,  ғарыштық  және  нанотехнологиялық 
бағыттар, 
биологиядағы 
– 
биотехнология, 
математикадағы 
– 
математикалық  модельдеу,  ақпараттық  технологиялардағы  –  жасанды 
интеллект мәселелері. 
Бүгінгі  күнде    танымал  ғалымдар  биотехнология,  нанотехнология, 
физика-химиялық және биология салаларындағы өзекті мәселелерді  шешу 
мақсатында  ғылыми-практикалық  конференциялар,  дөңгелек  үстелдер 
және  тағы  да  басқа  іс-шаралар  ұйымдастыруда.  Осы  салаларда  жемісті 
еңбек  етіп  жүрген  танымал  ғалымдарымыз  да  жетерлік.  Мәселен,  осы 
салада ғалым Темірбай Дарқанбаевтың есімі белгілі. Ол 30 жыл биохимия 
және  энзимология  пәндері  бойынша  лекция  оқып,  алғашқы  рет  қазақ 
тілінде биохимия курстарын ашты. Ол – биохимик, физиолог, микробиолог 
кадрларын дайындауда үлкен үлес қосқан ірі ғалым және керемет ұстаз.     
 Математика  саласында  Жұмаділдаев  Асқар  Серқұлұлының  есімі 
танымал.  Ол    –  ғалым,  физика-математика  ғылымының  докторы, 
профессор,  Қазақстан  ҰҒА-ның  корреспондент  мүшесі.    Асқар 
Жұмаділдаевтің  негізгі  ғылым-зерттеу  еңбектері  Ли  алгебрасының 
когомология  теориясына  арналған.
 
Асқар  Жұмаділдаев  Германиядағы 
Гамбург,  Мюнхен,  Билефельд  университеттерінің  профессоры  болып, 
Кэмбридж  университетінің  жанындағы  Ньютон  институтында  және  тағы 
басқа   институттарда  қызмет атқарып, лекциялар оқыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет