1. Африканың тропикалық белдеуіндегі елдердің ресурстары мен табиғат жағдайын анықтау



Pdf көрінісі
Дата01.05.2020
өлшемі32,17 Kb.
#65319
Байланысты:
Новый документ
Өздік жұмыс 27.07


Бақылау жұмысы 

1-нұсқа 


1. Африканың тропикалық белдеуіндегі елдердің ресурстары мен табиғат 

жағдайын анықтау.  

2. ОАР-демографиялық жағдайы.  

 

1)Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді 



мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — 

Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің 

көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін 

қашықтықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан 

жанасып жатқан Мадагаскар. 

Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези жəне Оранжевая; олардың 

бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. 

Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса жəне басқалары Орталық жəне Шығыс 

Африканың аралығындағы.  

  

 Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. 



Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан 

жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең 

жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (əл-Азизия) Жерорта теңізі 

жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея 

шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең 

аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық 

ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды 

(муссондық), субэкваторлық, ыстық əрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық 

ылғалды тропиктік жəне субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.  

 

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, əсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай 



мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің 

ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса 

ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка 

Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.  

 

 

 



2) ОАР-да 2017 жылғы сарап бойынша 57,725,600 млн адам тұрады. Ол əлемде 

26-орын алады. 

 

Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 50 жыл, ал əйелдерде – 48 жыл.  



 

Нəсілдік құрамы: 

Қара нəсілдер – 79,4 % ;Ақтар – 9,2%;Түрлі-түсті (көбінесе мулаттар) – 8,8 %; Үнділер 

жəне азиялықтар – 2,6%.  

 



ОАР-да бірінші халық санағы 1911 жылы болған. Сол кезде ақтар – 22% құраса, 1980 

жылы ақтар 18%-ға дейін түсті. 



 

15 жастан асқан тұрғындардың сауаттылығы 2003 жыл: Ерлер – 87% Əйелдер – 85,7%.  



 

  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет