1. Ай мен Күннің гравитациялық тартылыс күші Ай мен Жердің тартылыс күшінен неше есе артық?



Дата11.12.2021
өлшемі28,5 Kb.
#99149
Байланысты:
0004b7d0-3b5f4331 (1)


1 Бақылау жұмысы

1-нұсқа

1.Ай мен Күннің гравитациялық тартылыс күші Ай мен Жердің тартылыс күшінен неше есе артық?

2.Радиусы 800 м сақина жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездың цнтрге тарту үдеуі қандай?

3.Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ге тең қармақ бауы қанша созылатынын аныұтаңдар.

1 Бақылау жұмысы

2-нұсқа

1.жердің бірінші жасанды серігінің орбитасы радиусы 7340 км болатын шеңбер екенін ескеріп, 1 тәул ішінде оның Жерді айнала қозғалысының айналым санын анықтаңдар

2.Математикалық маятниктің тербелу периоды 5с. Егер оның ұзындығы 2м болса, онда шеткі нүктелерінің жылдамдығын табыңдар

3.Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2. Меркурийдің массасына анықтаңдар.

1 Бақылау жұмысы

5-нұсқа

1.Ұшақтың ауа винтінің айналу жиілігі 1500 айн/мин 180 км/сағ жылдамдықпен ұшқанда 90 км жол бойында винт қанша айналым жасайды?

2. 60 Н күш денеге 0,8 м/c2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/c2 үдеу бере алады?

3.Егер дене соңғы 2 секунд ішінде 60 м биіктіктен еркін түссе, оған ұанша уақыт кеткен?

1 Бақылау жұмысы

3-нұсқа

1.Дөңгелек орбита бойымен қозғалатын массасы 1,2 т серіктің кинетикалық энергиясы 5,4 ГДж-ге тең болса, ол Жер бетінен қандай биіктікте қозғалып барады?

2.Жылдамдығы 72 км/сағ, ал қозғалысының айналу жиілігі 8 Гц –ке тең автомобильдің жерге тиіп тұрған доңғалақ нүктелерінің центрге тартұыш үдеуін табыңдар.

3.Массасы 750 кг-ға тең ғарыш аппараты «Луноход-1» 1970 жылы Айдың бетіне жетті. Аппаратқа Жер бетінде және Ай бетінде әсер ететін ауырлық күшті табыңдар.

1 Бақылау жұмысы

4-нұсқа

1.Ай бетіндегі еркін түсуді табыңдар



2. Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді.

3.Бір-бірінен 100 м қашықтықта тұрған, әрқайсысының массасы 10 000 тонна екі кеменің өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет