Механикалық тербеліс – дененің бірдей уақыт
аралығында дәлме дәл немесе жуықтап
қайталанып отыратын қозғалысы.
Механикалық толқын - бiрдей уақыт аралығында қайталанып отыратын механикалық тербелістердің қатты, сұйық, газ денелерде таралуы. Өзара әсерлесетін бөлшектерден құралған үзіліссіз ортада бөлшектердің бір жердегі тербелмелі қозғалыс көршілес бөлшектердің мәжбүрленген тербелмелі қозғалысын тудырады, ал олар өз кезегінде келесі бөлшектердің тербелісін қоздырады т.с.с.
52. Дыбыс табиғаты
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.