Электрмагниттік өріс – электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектердің өзара әсерін жеткізетін (тарататын) физикалық өрістің бір түрі. Ол координаттардың екі векторлық функциясы – электр өрісінің кернеулігі (Е) мен магнит өрісінің кернеулігі (Н) кейде магнит индукциясы (В) арқылы сипатталады. Электрмагниттік өрістің дербес түріне қозғалмайтын электр зарядының жасайтын таза электр өрісі және тұрақты тогы бар қозғалмайтын өткізгіштердің не тұрақты магниттің жасайтын таза магнит өрісі жатады.
10. Радиобайланыс принциптері
Радиобайланыс- бұл радиотолқындардың көмегімен әртүрлі арақашықтағы ақпараттардың көмегімен әртүрлі арақашықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі. Радио (лат- сәулелену), (радиобайланыс) термині « сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның көмегінсіз байланыс.