1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Ортопедиялық стомтология клиникасында жансыздандыру тәсілдері



бет21/62
Дата16.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#191554
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
1. Àëìàëû ñàëìàëû ïðîòåçäåð æ³êòåìåñ³

44.Ортопедиялық стомтология клиникасында жансыздандыру тәсілдері.Заманауи стоматологиядағы жансыздандыру әртүрлi стоматологиялык емшара ларды жүргiзу кезiнде ауырсыну сезiмiн төмендетуге немесе тоқтатуға бағытталған психопрофилактикалық және медикаментозды әсерлердің кешені болып табылады.Стоматологиялык наукастардағы эмоциялык күйзелiстiн негiздерi мен себептері ретінде ауырсынуды куту мен уайымдау болып табылады. Тiстi емдеу кезiндегi және баска да стоматологиялык әрекет нәтижесінде пайда болған ауырсынудан корку болашактагы емдеу алдында да терiс реакцияның туындауына себеп болады. Соның салдарынан наукас стоматологиялык креслодан кашкақтауға тырысады Эмоциялык күйзелiстiн салдарын гомеостатикалык тепе-теңдіктің бұзылуымен биологиялык, емдеудің сәтсіз нәтижелерімен, емделуге кеш келумен, кейбiр наукастардын стоматологиялык ем-шараларға сәйкес емес карым-катынасымен,емдеу ден бас тартумен байланысты психологиялык-әлеуметтік болып бөлінеді. Науқастардың тiстi көп жұлдыратынынын бiр себебі олардын тіс емдеуден коркатынында жатыр. Әдебиеттер бойынша, алдағы емнен корку және стоматологка бармай жатып ал дын ала капаланып, үрейлену наукастардын 61-92% пайызында кездеседі. Сонымен катар, науқастардың 38%-да дәрігер кабылдауында коркыныштар күшейе түседі. Емдеу тісті жұлуға келген науқастардың бірқатарында гомеостаз Кәне өзгерістерінің күшті болатыны соншалыкты, ол хирургиялык курделі операциялары алдындағы науқастын жағдайымен пара-пар десе болады. Осы салада м.ғ.д., профессор Ж.Н.Жумадiллаев, м.ғ.д., профессор М.Ә.Темірбаев сынды ғалымдардың зерттеулері бар.Операция алдындагы эмоциялык куйзелiс жүрек жиырылысы кушiнiн, ырғағының және жиiлiгiнiн (ЖЖЖ), тыныс жиiлiгiнiн (ТЖ), артериялык кысым деңгейінің (АҚ) өзгерiсiне алып келедi. Стоматологиялык кабылдауды алдындағы наукаста терi темпе ратурасы өзгередi. Gang M.J., Tefl L. (1975) деректері бойынша үрейленгiш науқастардың физиологиялык көрсеткiштерiнде тiптi бормашинанын даусынын озiнен ЖЖЖ мен ТЖ 2,5-3 есеге дейін артатыны, АҚ - 10-25мм рт. ст., ал ЖЖЖ минутына 10-15 соққыға дейiн өзгеретіні аныкталып отыр.Эмоциялык күйзеліс кезiнде тері-гальваникалык рефлекс, тердiн шығуы, қант денгейi мен кандагы гистамин артып, зат алмасу, электр-терiлiк карсыласу бұзылады, ауыз құрғайды, диарея пайда болып, кан сипаты өзгередi. Операцияға дайындалған стоматологиялык наукастардағы айкын эмоциялык куйзелiс симпатикалык-адреналиндік және гипофизарлык-бүйрек үсті жүйесінің қызметінің және осы жүйелермен реттелетін ағзанын физиологиялык функцияларындағы өзгерiстерiмен көрініс табады. Сондықтан адреналин, норадреналин және кортикостероид деңгейi стоматологиялык емнен коркатын наукастардын каны мен зәрiнде бақылау тобына караганда жоғары болып келеді.Наукастарда сонымен катар гормондарында, газ алмасу, гемодинамикасындағы өзгерістер (әсіресе, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, бронхы астмасы, эндокринопа тия, психоз кезiнде) дәрiгер-стоматологтын жұмысын киындатып, көптеген кабыну үдерістері сиякты энергиялык алмасуға бағытталған операциялык кауiп-қатерлерге ұрындыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет