№1 Алматы қазақ мемлекеттік



Дата12.05.2023
өлшемі1,28 Mb.
#176529
Байланысты:
практика3


№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжінің
«Бастауыш және негізгі орта білім
берудің информатика мұғалімі» мамандығының
21 «И» топ білім алушысы
Әділақын Жаннұр Ерлатқызының
Есебі
Мен, 21«и» білім алушысы Әділақын Жаннұр Ерлатқызы №58 жалпы білім беретін мектебінде 6.02.2023-18.03.2023ж аралығында «Бақылау және байқау» практикасынан өттім.
7.02.2023 мектепке алғаш барған күні, әрбір студентті сыныптарға үштен бөлді. Маған 8 «б», 7 «А», 3 «ә», 9 «а» сыныптары берілді.Алғашқы аптада сынып жетекші сабақты өзі берді. Сынып жетекшінің сабақ өткенін бақылап, әрбір әдіс-тәсілді жазып алып отырдым. Алғашқы күні сынып кестесін, қоңырау кестесін жазып алдым. Оқушылардың іс-қағаз, құжаттарымен танысып шықтым. Мұғалімнің қандай рефлексия, ресурстар қолданатынын зерттедім. Және де, сабақтың өтілуіне аса қатты назар аудардым. TU
Сыныптардың оқу тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақпедогог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен,педогогиклық ұжыммен және міндеттері,және құқықтарымен толық танысып шықтым.Оқушылардың күнделікті дәптерлерін тексеріп,кемшіліктерін айтып,олардың дұрысталуына ат салыстым.
Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым.Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.
Сабақтың барысы маған және оқушыларыма қызық болды. Сабақтың басында жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында: Досыма тілек, Менде сұрақ, Лабирин, Өрмекші торы, т.б әдіс-тәсілдерді қолдандым. Дарынды және Талантты балалармен жұмыс істеу мақсатында: «билет», «сыйлыққа купон» т.б әдіс тәсілдерді қолдандым.
Оқушыларға сабақтан тыс пайдалы программалар үйретуге тырыстым.8 «б», 7 «А», 9 «а» сыныптарына слайд жасауға Canva программасын үйреттім. Барлық оқушылар Canva программаларынан шаблон таңдай біледі.Көптеген оқушылар программалармен жұмыс істей біледі.Кейбір оқушылар өз бетінше жұмыс істей алады.

Ойымызды қорыта келе, педагогикалық практика менің кәсіби қалыптасуымның негізі болып, болашақ мамандығыма деген ынта-ықласымды және қызығушылығымды арттырды, практиканың мәні мен маңызы өте зор болды.

Практикант: Әділақын Ж.Е ______


Практик жетекшісі: Қылышбек.Ф.Б ______

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет