№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжінің
23 «Б» топ білім алушысы Қадыр Аружанның
«Әр түрлі жастағы балаларға массаж жасау және
гимнастика өткізу» практикасы бойынша
жазған есебі:
ЕСЕБІ
Мен 23"Б" топ білім алушысы Қадыр Аружан №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогіктік колледжінде 14.02.22-19.02.22 аралығында өткен "Әр түрлі жастағы балаларға массаж жасау және гимнастика өткізу" практикасынан өттім.
Біз практика жетекшісі Сара Утегенова мен бірге №167 бөбекжай балабақшасына бардық. Ол жерде практика жетекшісі, бізге балабақшаны таныстырды. Мектепке дейінгі ұйымда бізді әдіскер қарсы алып, мектепке дейінгі ұйымдағы міндеттерін, тәртіп, қауіпсіздік ережесі туралы айтып түсіндірді. Кейін Сара Утегенова мен МДҰ тәрбиешісі, студенттерді екі қыздан бөлді. Балабақшада 6 топ болды. Мен ересек топ "Құлыншақ" тобында болдым. Топтағы балалармен тіл табыса алдым.
Бақша жасындағы балаларға массажды иммунитет нығайтуға, сөйлеу мен ақыл-ой белсенділігін дамытуға арнап жүргізеді. Сеанстар күннің әртүрлі уақыттарында өткізіледі: белсенділікті арттыру үшін-таңертең, босаңсыту мақсатымен-кешке.
Егер курс емдеу мақсатымен тағайындалса, процедураны тек білікті маман орындайды.
Біз балабақшада балалар ұйқыдан тұрған соң әр түрлі массаж бен гимнастика жасаттық. Балалар ұйқыдан тұрғанда ең алдымен төсектен тұрмас бұрын ұйқыларын ашу үшін, созылу жаттығуларын орындады, және де жалаң аяқ арнайы кілемшелердең үстінен жүрді. Қолға арнайы кішкентай доптарды ұстап, оларды айналдырып қолға түрлі жаттығулар жасады. Үрлеу арқылы көптеген жаттығуларды орындады. Массаж бен гимнастиканың арқасында балалардың денсаулықтары нығайады.