122. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген кездегі зардап шегушінің дене қалпы:
a)Тұрақты бүйірлік қалып
b)*Арқасымен, тегіс және қатты беткейде
c)Бас астына білікше қою
d)Бас ұшы төмен түсірілген
e)Кереуетте
123. Берілген жағдайлардың қайсысында реанимация жүргізіледі?
a)*Клиникалық өлім дамыған әр жағдайда
b)Тек балалар мен қарт адамдарға
c)Жұмысқа қабілетті жастағы ересек халыққа
d)Тек жас және сау адамдарға
e)1 айдан асқан балалар мен 64 жасқа дейінгі ересектерге
124. Жүрек-өкпе реанимациясының кезеңдерін көрсетіңіз:
a)Өкпені жасанды желдету, тікелей емес жүрек массажы
b)Тыныс алу жолдарыы өткізгіштігін қалыпқа келтіру, тікелей емес жүрек массажы
c)Тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалыпқа келтіру, өкпені жасанды желдету
d)*Тікелей емес жүрек массажы, тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалыпқа келтіру, өкпені жасанды желдету
e)Тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіру, адреналинді жүрекішілік енгізу
125. Табиғатта нитрификация үрдістері нәтижесінде түзілетін, тыныс алу үрдісіне қатыспайтын, оттегіні сұйылтатын атмосфералық ауаның құрамдық бөлігін көрсетіңіз:
a)*Азот
b)Инертті газдар
c)Күкірт оксиді
d)Азот оксиді
e)Аммиак
126. Сезімтал бөлігі сүңгі болып табылатын, атмосфералық ауаның бір уақытта барлық параметрін өлшейтін аспапты көрсетіңіз:
a)Барометр
b)Психрометр
c)Гигрометр
d)Барограф
e)*Метеометр
127. Тұрғын үйде ауаның физикалық көрсеткіштерін зерттеген кезде лаборантпен метеоскоп аспабы қолданылды, зерттеу жабық терезелер жағдайында жүргізілді, келесі нәтижелер алынды: ауаның салыстырмалы ылғалдлығы 40%, ауа температурасы -18 градус, барометриялық қысым – 760 мм.с.б немесе 101 кПа, ауаның қозғалу жылдамдылығы – 2 м/сек. Берілген ғимараттағы ауаға «өтпе жел» сезімі тән болғанын ескеру қажет. Ауаның қандай көрсеткіші санитарлы нормаларға сәйкес келмейді:
a)Салыстырмалы ылғалдылық - 40%
b)Температура – 18С
c)Барометриялық қысым -760 мм.с.б
d)*Ауаның қозғалу жылдамдылығы – 2 м/сек
e)Температура – 20С
128. Ауа үлгісін алу үшін Мигунов электроаспираторымен жұмыс істейді. Тартылған ауаның қажетті көлемін орнату үшін Мигунов электроаспиратордың қандай бөлігін қолданады?
a)Штуцер
b)Таймер
c)Ротометр
d)Резеңкелі түтік
e)*Вентиль
129. Зертханалық жағдайда ауаны гигиеналық бағалауды жүргізу кезінде Мигунов электроаспираторы, патрон, сүзгі, таразы қолданылды. Берілген зерттеуде лаборант не анықтады?
a)Ауа микрофлорасы
b)*Шаңдану
c)Құрамында сынаптың болуы
d)Құрамында қорғасынның болуы
e)Хромды ангидрид
Достарыңызбен бөлісу: |