1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


Аналық жыныс түтігі әдісімен ұрықтандыру



бет12/24
Дата04.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#194918
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ

4. Аналық жыныс түтігі әдісімен ұрықтандыру. Ұрықты тікелей аналық жыныс түтігіне жібереді. Бұл әдісті құстарды ұрықтандырғанда қолданады. Құстарды ұрықтандыру үшін бір рет пайдаланатын пипеткалар немесе шприц-катетерлер қолданылады. Аспапты аналық жыныс түтігінің ішіне 4-5 см тереңдікке кіргізеді. Ұрықтандырудың мақсаты инкубациялық жұмыртқа алу.


13. Дьюар ыдысымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі - Жануарларды жасанды ұрықтандыру кезінде -196° температурада мұздатылған сперматозоидтар кеңінен қолданылады, олар сұйық азотта арнайы контейнерлерде — Дьюар ыдыстарында сақталады.
Азот – бұл, сыртқы түрі бойынша суға ұқсас, түссіз сұйықтық. Сұйық азоттын қайнау температурасы минус 196°С, үлес салмағы 0,804 кг/л.
Сұйық азот инертті және дағдылы шарттарда ешқандай заттармен де реакцияға түспейді. Бірақ, дененің ашық жерлеріне тисе теріні күйдіреді, сондықтан азотпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын қатан сақтау қажет.
Дьюар ыдысын азотпен толықтыру кезінде шлангтың жанында тұруға болмайды, себебі, азот басты айналдырып, бас ауруын тудырып, естен тандыруы мүмкін екендігін естен шығармау қажет.
Сұйық азотты жылы (температурасы қоршаған ортаның температурасы сияқты) Дьюар ыдысына қайнап кетпейтіндей және азот ыдыстың мойнынан шығып кетпейтіндей етіп, абайлап құю қажет.
Сұйық азотты Дьюар ыдысына құю кезінде ыдыстын мойнына қарауға қатан тыйым салынады.
Дьюар ыдысын күн сәулесі тікелей түсетін жерге және жылыту құралдарының маңайына қоюға болмайды. Азот жанатын және майлайтын материалдарға тиіп кеткенде жарылыс туғызуы мүмкін.
Дьюар ыдысының ішіне ауа кіріп кеткенде ыдыстын сыртын қырау басады. Бұндай жағдай туындағанда ұрықтарды сақтап қалу үшін шара қабылдау қажет, ол үшін ішінде ұрығы бар канистрді басқа ыдысқа салу қажет немесе ең жақын жерде орналасқан қолдан ұрықтандыру бекетіне апару қажет.
Дьюар ыдысының мойнын өте тығыз жабуға тыйым салынады, соған қарамастан Дьюар ыдысын тасымалдау кезінде осындай жағдай жиі кездеседі. Ыдыстын ішіндегі азот сыртқы ортадағы ауамен байланыста болу қажет, қоршаған ортадан жылудың Дьюар ыдысының ішіне кіруі сұйық азоттың булануына әкеп соғады, бұл процес қалыпты жағдай болып саналады. Буланған азот ыдыстан сыртқы ортаға дұрыс шықпай қалған жағдайда ыдыстың ішіндегі қысым жоғарлап, оның бүтіндігі бұзылып жарылыс болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет