7. Ақпаратық процестер:ақпаратты қабылдау жіберу,түрлендіру және қолдану.
Ақп–ты прцесстер –әртүрлі обьетілердің жүзеге асу мақсатынан шығатын мәліметтер жиыны. Ал,ақпарат–адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған(кодталған) ақп–ты өзінің даму барысында беріп отырған.Ал,жануарлар мен құстардың тілі ақп-қа қандай бай!Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың,яғни оны қабылдау мен жіберудің жаңа құралдарын іздеуде және табуда.
Адамнның ақпаратты алу, өңдеу, сақтау, жинау және оны жеткізу процестерімен байланысқан әрекетін ақпараттық қызмет деп атаймыз. Мыңдаға жылдар бойы адамдар тіршілік қамы үшін материалдық объектілермен тығыз байланысып келеді. Тас балтадан бастап бірінші бу машинасына, электр маторға, токар станогына дейінгі барлық еңбек құралдарын жасау – затты өңдеуге, энергияны пайдалануға және оны түрлендіруге байланысты болды. Сонымен қатар, адамзат алдында қоғамды, жеке адамдар тобын басқару мәселелерін шешіп, ақпаратты, тәжірибені, білімді жинау ж(е жеткізу міндеттері тұрды. Адамның ақпаратты түрлендіруге, жинауға, оны жүйелеуге байланысты әрекеттеріне қажеттілік туып, тек ақпараттық қызметпен шұғылданатын адамдар тобы пайда болды. Сонымен қатар кейінірек қоғамның, ғылыми-тех-лық прогрестің даму барысында адамзат ақпаратты жинау, сақтау және жеткізудің жаңа құралдары мен әдістерін ойлап тапты. Қоғам дамыған сайын жоспорлау ж(е өндіріс пен халық шаруашылығын басқару мәселелерін шешуге қажетті ақ-ң көлемі де үнемі де ұлғая түсті.