1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет169/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

117. Алгоритм қасиеттері.

1.Алгоритмнің айқын,дәл қасиеттері.Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттерді мағнасы айқын,нақты анықталған болуы керек.Онда қандай қадамдар көрсетілсе,тек солар орындалуы қажет.


2.Алгоритмнің үздіктілік қасиеті.Алгоритмнің үздік модульдерге бөлінуі,яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін.Бұл қасиет б/ша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге,ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді,яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.Алгоритмдік процестің құрлымы үзікті(дискреттік),яғни бір-бірінен бөлек командалар біріктіріліп командалар тобын құрайды.Атқарушы алғашқы әрекетті-қадамды аяқтамай,келесі әрекетке көше алмайды және алгоритмнің әрбір қадамын жеке нақты нұсқау ретінде орындайды.Белгілі бір командалар негізінде,алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын-оның үзіктілік қасиеті деп атайды.
3.Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.Алгоритмде құрастырылған нұсқаулардың шектеулі саны орындалғаннан кейін,егер есептің шешуі болса,оның шешуін,ал шешуі болмас<шешуі жоқ>деген нәтиже беруі қажет.Мысалы,сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады,ал нәтижесі қосынды болады. 4.Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.Алгоритмнің бұл қасиеті,бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады.Егер берілген мәліметтер өзгерсе,нәтижеде өзгереді.Бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс.Мысалы,квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,c,мәндері үшін оның түбірін дұрыс табу керек.Егер а-ны өзгертсек,түбірі де өзгереді,яғни жалпы квадрат теңдеулер тек бір алгоритммен шығарылып,дұрыс нәтиже береді.5.Алгоритмнің формальді орындалуы.Алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.Орындаушының алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.Мысалы,Х санын квадратта деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді,ал оны Х санын Х санына көбейт деп айтсақ онда бұл команданы олар орындай алады.Демек алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып құрылуы керек.Орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де,алгоритм командаларын орындай отырып,белгілі бір нәтиже алады,яғни орындаушы формальдім түрде әрект етеді,мұны формальді орындалуы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет