Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелік программалық жабдықтар Жүйелік программалық жабдықтарды бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер, ОЖ-нің қоршаулары;
2) драйверлер, утилиттер, антивирустық программалар;
3) сервистік программалар;
4) диагностика жəне бақылау программалары;
5) Жүйелік программистердің аспаптық жабдықтары.
Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын
программалар жиыны
Қолданбалы программалар пакеті Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мақсатта пайдаланатын программалық жабдық жəне
əмбебап болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдық əр адамның нақты есептерін шығаруға
арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды
немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Əмбебап программалық жабдық тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық
саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел
қамти алады. Əртүрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін əмбебап программалық жасақтың негізгі
түрлері мыналар:
- мəтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту жəне ойнау программалары;
- ақпараттық жүйелер жəне т.б.