5) Организмде орналасуы: цитоплазма
1) Тін: Ұйқыбезі жасушасының электронды микросуреті.
1 – қабықшасы бар ядро; 2 – ядро қабықшасының саңылаулары; 3 – хроматин
кесектері; 4- ядрошық; 5 – гранулярлы эндоплазмалық тор
2) Бояу әдісі: электронды микросуреті. х16000.
3) Құрылыс ерекшелігі: Ядро-эукариоттық жасушаларда болатын
құрылым.Жасуша цитоплазмасында орналасады. Екі мембраналы
оргоноид.Көбеюге, ақуыз синтезіне, тұқым қуалау ақпаратының сақталуына,
РНҚ синтезіне қатысады.
Ядролық қабығы- ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ядро
қабығы ішкі және сыртқы деп жіктеледі. Олардың арасындағы кеңістікті
перинуклеарлы кеңістік дейді.
Ядро қабығындағы саңылаулар- ядро мен жасуша цитоплазмасы арасында
үнемі күрделі зат алмасу жүріп отыруына байланысты, ядро мембранасында
саңылаулар болады. Бұл саңылаулар- саңылау комплексі деген
құрылымдардан тұрады. Мұндай саңылаулардың құрамында глобулярлы
және фибриллярлы ақуыз молекулалары болады.
Хроматин түйіршіктері-эухроматин және гетерохроматин. Эухроматин-
генетикалық материалдың максималды деконденсация аймақтары, ядроның
ақшыл бөліктері. Гетерохроматин- хромосомалар тығыздалып, РНҚ синтезі
төмендегенде гетерохроматинге айналады.
Ядрошық ядрода бір емес бірнешеу болуы мүмкін. Ең тығыз құрылым.
Ядрошық рибосомалардың түзілуіне және РНҚ синтезіне жауап береді.
Электронды микроскопия кезінде аморфты компонент, перинуклеолярлы
хроматин, гранулярлы компонент, фибриллярлы компонент ядрошықтан
байқалады.
Түйіршікті эндоплазмалық тор- тұйық мембранамен қоршалған қапшықтар
мен түтікшелер түрінде көрінеді.Мембрана беткейіне көп рибосомалар
бекінген.Құрамындағы рибосомалары ақуыздың синтезіне қатысып,
синтезделген ақуыздарды жасушалардан шығаруғада қатысады. Акуыз
синтезімен қоса, синтезделген заттарды тасымалдау қызметіне де белсенді
қатысады.
4) Функция: Жасуша тіндерді, тіндер мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін,
мүшелер жүйесі организмді құрап, оның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |