2) Бояу әдісі: электронды микросурет
3) Құрылыс ерекшелігі:
Кірпікше- ұзындығы 5-10 мкм, қалыңдығы 0,2 мкм, ішінде аксонемасы бар
жасуша плазмалеммасының өсіндісі.
Ширақша (бұрау, жгутик)-адам сперматозоидының құрамындағы ұзындығы -
50-55мкм, қалыңдығы 0,2-0,5 мкм плазмалемманың өсіндісі болып
табылатын арнайы органелла. Құрылысы кірпікшелерге ұқсас келеді, өзегін
аксонема құрайды.
Бүрлердің ішкі бетін бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителий астарлайды.
Бүрлердің негізін — эпителий қабатының астындағы борпылдақ дәнекер
ұлпалық өзіндік тақташа қабаты құрайды. Бұл қабат қан және лимфа
капиллярларына бай келеді.
4) Функция: Кірпікше қызметі кеңірдек пен бронхтарда кілегеймен
қоршалған бөгде заттарды сыртқа қарай итеріп шығару; -жатыр түтігінде
аналық жасушаны жатыр қуысына қарай итеріп шығару; -жасушалар бетінде
сұйықтық ағынды қалыптастыру
Жгутик сперматозоидтың қимылын қамтамасыз етеді
Микробүрлер ішектің ішкі бетінің сору алаңын ұлғайтады
Достарыңызбен бөлісу: